№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елге еткен еңбек елеусіз қалмайды

Елге еткен еңбек елеусіз қалмайды


Ағайынның ауызбіршілігін ұйыстырып, елдің ынтымағын арттыруда елеулі еңбек еткен тұлғаларды қадірлеп, дәріптеудің мән-маңызы зор. Елбасы Жолдауында айтқандай, жастарға тарихи тұлғаларды дәріптеп, қызмет жолын үлгі етудің тамаша үлгісі Жаңақорғанда қалыптасқан. Аудан әкімі Ғалым Әміреевтің ел ағасы Серік Мұсабайдың 70 жасқа толуына орай қабылдауы осыған мәндес екенін ұқтық.
Ол Төменарық аймағында «Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымын құрып, басшылық еткен жылдарда партияға 300-ден астам тұрғын мүшелікке өтіп, елдің саяси ахуалына етене араласты. Міне, ол осы жұмыстарда іскерлігімен танылды. «Қайрат» спорт еріктілер қоғамының төрағасы болып, жас спортшылардың тұғырдан көрінуіне еңбек етті. Қысқасы, әділдік пен арды, парасаттылық пен адамгершілікті бойына сіңірген жан тұтас ғұмырын ел игілігіне жұмсап, күш-қуатын қоғамның қанаттауына арнаған азамат. Қоғам белсендісінің ел өркендеуіне қосқан үлесі жөнінде тоқталған аудан әкімі Ғалым Әміреев оны «Құрмет» грамотасымен марапаттап, иығына шапан жапты.
Мерейтой иесін құттықтаған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сәулебек Ысқақов: «Сәкеңнің жетпістің желкесіне мінсе де жүрісі ширақ, ісі тиянақты, сөзі салмақты. Әсіресе, қоғамдық жұмыстардағы белсенділігі көпке үлгі», –деді. Одан кейін аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Мейіржан Оспанов парасатты педагог жайлы сөз еткенде, оның шыншылдыққа, әділдікке, турашылдыққа, адалдыққа ұмтылған қасиеттерін атап, осындай ұстаным оны биікке жетелейтінін айтты. Ал, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының басшысы Ізәтілла Нәрзілдаев замандасының қоғамдық жұмыстарға белсенділігі мен ана тілі мәртебесін көтеруде еткен еңбегімен бөлісті.
Тектілігі мен ізеттілігін сөз еткен Ізәтілла Нәрзілдаұлы мерейтой иесінің төсіне «Дара тұлға» белгісін тағып, куәлігін табыстады.
«Нұр Отан» партиясының Жаңақорған аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев С.Мұсабаевтың еңбек жолын тарқатты.
– Серік Мұсабаев 1970-1971 жылдары №53 Романов атындағы мектепте технология пәнінің мұғалімі, комсомол ұйымының хатшысы қызметін атқарды. 1974-1986 жылдары Төменарық ауылдық кеңесінің жауапты хатшысы, 4-рет ауыл кеңесінің депутаты атанды. 1986 жылы №70 Горняк мектебінде, одан кейін (екі мектеп біріккеннен кейін) №53 мектепте психолог болды. Бүгінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүр. Әділдікке, туралыққа жаны құмар ұстаз тәлімгерлеріне адал болуды үйретті. Сондықтан мектепте бірнеше рет «Әділ мұғалім» номинациясына лайықты танылды. Білім министрінің, облыс және аудан әкімінің «Алғыс хаттары» мен грамоталарын алды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбавтың «Алғыс хаты» да бірнеше рет табысталды, – деді ол.
Ел жақтаған ердің мерей тойында туған қызы, белгілі журналист Айжан Мұсабаева тамаша тарту жасады. Ол «Алмас қылыш қын түбінде жатпайды» атты алғашқы кітабын әкесі Серік Мұсабаевтың өмірдерегіне арнапты. Аудан әкімі Ғалым Махмұтбайұлы кітаптың тұсауын кесіп, қаламгерге шығармашылық табыс тіледі. Кітап авторының қолтаңбасымен басылым аудандық орталық кітапханаға және құттықтауға келген тұлғаларға табысталды.
Мерей той иесі елге сіңірген еңбегін бағалап, құрмет көрсеткен аудан басшысы Ғалым Әміреевке шексіз ризашылығын білдіріп, халықшыл істеріне алғыс айтты.

Мақпал МАРҚАБАЙ.
15 мамыр 2018 ж. 1 865 0