№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ


Ана – шаңырақтың шырақшысы, мемлекеттің тірегі. Ана – отбасының беріктігін сақтаушы, баланы тәрбиелеуші, ерлерін рухани қолдау көрсетуші, елдің дамуына мүдделі жандар. Демек, аналармен дидарласып, кеңесіп тұрғандар ұтады. Осыған орай аудан басшысы Халықаралық әйелдер күні мерекесінде ауылдық округтер мен кенттегі белсенді әйелдерді қабылдап, мерекемен құттықтады.
– Көктем гүлімен, отбасы ана нұрымен көркем. Әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, тіпті ортақ Отанымыздың мерейі. Әйел-Ана барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы. Бүгінде қазақ қыздары қоғамның барлық саласында табысқа қол жеткiзуде. Біздің ауданда да іскер әйелдер басшылық қызметте табысты еңбек етіп, ауданның гүлденуіне үлес қосуда, – деді Ғалым Әміреев.
Расында, өмірде – нәзік, көңілде – биік, істе – мығым әйелдердің бизнесте де, мемлекеттік қызметте де, ағартушылық салада да өзіндік қолтаңбалары бар. Олардың белсенділігімен, жаңашылдығымен, іскерлігімен даму даңғылына түстік. Міне, сондай жауапкершілік жүгін көтеріп жүрген әйелдер аудан әкімімен болған жылы жүздесудің мәнін арттыра түсті.
Талап ауылдық округінен келген батыр ана Аманкүл Жұмабекова ауданда жаңа бастамалар қолға алынып, істің сапасына көңіл бөлініп жатқандығын тілге тиек етті. Ал, сунақаталық Шолпан Құлмұратова әйелдер қоғамның тірегі екенін, бүгінгі жетістіктерде әйелдердің үлесі мол екендігін айтты. Иә, қандайда жақсы істің артында әйелдер тұратыны ақиқат.
Ауданның бас имамы Сайдулла қажы Сүнетуллаұлы әйелдің қоғамдағы орнын шариғатпен үйлестіре қозғады. Имамның сөзінше, «Бір күні, бір адам Аллаһтың Елшісіне (с.а.с) келіп, былай деп сұрады: «Уа, Аллаһтың Елшісі (с.а.с), адамдардың ішінде жақсы қарым-қатынас қылуға, жақсы сөз айтуға лайықтырағы кім?» Ол кісі: «Анаң» деді, одан кейін деп сұрағанда, «Анаң» деп жауап берді, ал одан кейінше деп сұрағанда, тағы да «Анаң» деп жауап берді. Одан кейін кім деп тағы да сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с) «Әкең» деп жауап береді». Абу Хурайрадан Байхақи риуаят еткен хадисте: «Әйелдердің еркектерден артықшылығы Аллаһ оларды сезімтал етіп жаратқан. (Еркектерге қарағанда 99 есе сезімтал келеді), делінген. Міне, осының өзі исламдағы әйелдің орнын әспеттейді. Қазақ халқы әйелге деген мұндай құрметті өмір салтында ұстанып отыр.
Жылы жүздесу соңында қожакенттік зейнеткер Тұрғанкүл Шонтукова бата берді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
13 наурыз 2018 ж. 1 293 0