№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұғалім – мектептің жүрегі

Мұғалім – мектептің жүрегі



– Адам мамандығын шынайы сүйгенде ғана білікті ұстаз, қабілетті оқытушы болады. Мен жастайымнан ұстаз болуды мұрат еттім. «Ұстаздың биігі ойлана қарасаң, биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң, артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай, мұғалім – үлкен білімнің, мәдениеттіліктің, жаңашылдықтың жаршысы. Ұстаз – үлкен құрметке лайық маман иесі. Себебі адам баласы өмірге келгеннен кейін өз орнын өмірден адаспай табу үшін тәрбие мен білімді қажет ететіні сөзсіз. Осы екі ұғымды бала бойына дарыту ұлағатты ұстаздың еншісінде. Сол себепті болашағымызды тәрбиелейтін мұғалім – баланың екінші ата-анасы, жол сілтер ақылшысы. Осы тұста Абай атамыздың: «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деген өлең жолдарын еске түсіргеніміз абзал. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланса, ұстаздан шәкірт озып жатса, жылдар бойы төккен тер мен адал еңбектің ақталғанын көреміз. Ұстаз үшін одан асқан бақыт жоқ, – деп бастады әңгімесін кейіпкеріміз. Мұғалім барлық мамандық иесіне ілім беріп, тәрбиелейтін абзал жан. Содан болса керек-ті «мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың негізі» дейді. Яғни, мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Осы ұстаздық міндетті абыроймен атқарып келе жатқан Қарлығаш Мақұлбекқызы білікті маман, ұлағатты ұстаз ретінде айналасына сыйлы. Ол Сунақата ауылында дүниеге келіп, орта мектепті үздік бітіріп, Қызылордадағы Қорқыт Ата Мемлекеттік университеті химия-биология мамандығы бойынша оқуға түседі. Оны тәмамадап, Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуозов Университетінде магистратурада білім алады. 2002 жылдан бері №110 мектеп лицейінде ұстаздық етіп келеді. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, осындай ұлы есімді арқалап жүрген кейіпкеріміз білім беру барысындағы Мұғалім – мектептің жүрегі «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» – деп Абай атамыз айтқандай, мектептегі басты тұлға ұстаз екендігі белгілі. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім рөлін ешнәрсемен ауыстыруға болмайды. Демек, мұғалім біліктілігі, бұл еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабілетті мамандарды озық та жан-жақты кемел ұстаздар ғана тәрбиелеп шыға алады. Осындай білікті ұстаздардың қатарында №110 мектеп лицейдің ұлағатты ұстазы Қарлығаш Әлменованың есімін атауға болады. тәжірибесімен де бөлісе кетті. – Мұғалімнің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру ғой. Сондықтан ата-ана үкілеп өсірген перзентін біздерге сеніп тапсырғанда, оларды өз болашағына қажетті біліммен сусындату басты парызымыз. Мейлінше, балаға білім мен қоса тәрбие беруге де күш салып жатырмыз. Шүкір, шәкірттерім жаман емес, барлығы да білімді, алғыр, зерек. Атап айтсам, жақында ғана аудандық олимпиада да Біржан Ролан -1 орын, биология пәнінен Қалкөз Ділназ аудандық олимпиадада -1 орын, облыстық олимпиада да -2 орын иеленді. Ал, ғылыми жобада өзін өзі тану пәнінен әлеуметтік жобада Жібек Кәрібаева -1 орынды, облыстық олимпиада да «Қамқоршы» атты номинацияны иеленді. Құрман Махаббат 3 дәрежелі дипломмен жас зерттеуші облыстық байқауында Балнұр Махамадияова Аяжан Жұмабек, Айда Нұрлах 1 орынды иеленді. Өткен жылдың ҰбТ қорытындысы бойынша барлық оқушыларым грантқа түсті. Бұл ұстаз бен шәкірт үшін өте үлкен жетістік. Менің түсінгенім, ұстаз болу көп еңбекті, шыдамдылықты, төзімділікті, адалдықты, әділдікті талап етеді. Мен ұстаздықтың осындай ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Осы тұста айта кетейін, биология пәнінде ой қабілетін жетілдіруге, шығармашылыққа баулуға тигізетін әсері өте жоғары, – дейді ұстаз. – Қазіргі балалар өте ақылды. Ақпаратты тез қабылдап, қорыта алады. Әрі технология тілін жетік меңгеріп үлгеруде. Карантин режимінде қашықтықтан оқыту жүйесінде смартфонмен оқуды тез түсініп алды. Қазіргі білім берудің жаңа форматы бұрынғыдан күрделілеу болғанымен заман талабына сай. Әлем жылданжылға алға жылжуда. Біз де сол көштен қалмауымыз керек. Осы ретте білім саласы бірінші кезекте тұрары сөзсіз. Бұрынғыдай емес, бүгінде ұстаз мәртебесі көтеріліп, олардың балаларға барынша сапалы білім беруіне бар жағдай жасалған. Мұғалімдер осы мүмкіндікті пайдаланып, әр баланың бойына сапалы білім дарыту жолында аянбай еңбек етсе деген ниетім бар. Ұстаздың екі қасиеті басқадан ерек болуы керек. Біріншісі – мейірімділік, екіншісі – ізденімпаз болу, – дейді ұстаз. Мектепте ұстаз, үйде аяулы ана, өмірде төрт ұл-қызды тәрбиелеп, қанатын қақтырды. Бүгінде үлкен ұлы Бейбарыс ІТ саласында қызмет етеді. Екінші қызы Нұрсара болашақ ағылшын тілі маманы. Үшінші қызы Дилназ бен сүт кенжесі Олжас мектеп қабырғасында. Түйіндей айтқанда, «Жақсы ұстаз – шәкірттің бақыты». Себебі, ұстазы ұлағатты шәкірттің өмірлік ұстанымы ұлы болады. Мұны бүгінгі кейіпкеріміздің өмір жолынан байқадық. Ботагөз БЕКМАХАНОВА
21 ақпан 2023 ж. 361 0