№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ұстаз биігі


«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң тереңдей түседі. Қол созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» деп грек философы Сократ бекер айтпаса керек. Шәкірттеріне білгенін үйретіп, тұлға болып қалыптасуына жол нұсқайтын ұстаздың орны бөлек.
«Өзімнің білімімді жетілдіре отырып, оқушының білім деңгейін, шығармашылық қабілетін арттыру» деген ұстанымды өзіне тірек еткен Меруерт Зайнидинқызын әке өнегесі мен ана тәрбиесі, білімге, әдебиетке деген құштарлығы Абай атындағы педагогика институтының филология факультетіне алып келеді.


Ол еңбек жолын №169 мектебінде аға тәлімгер ретінде бастап, жеткіншектерді патриотизмге, отансүйгішке, адамгершілікке тәрбиелеуде талмай ізденді. Ізденісі текке кетпей, аудан, облыс деңгейінде мәдени, спорт саласында тұрлі сайыстарға оқушыларды қатысып жүлделі орындарды алып мектеп мерейін өсірді. Кейін 1995 жылы №163 мектепке орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ауысты.
– Әр бала әртүрлі отбасында тәрбиеленеді, алайда мектепке келгеннен кейін ортаға үйреніп сыныптастарымен қарым-қатынас құру да оңайға соқпайды. Осындайда баланың жанын түсініп оған демеу болып, баланың өзіне сенімділігін, білімге қызығушылығын арттыратын мұғалімнің қолдауын бала әркез сезіну керек. Алғаш мектепке ауысқанда 5 сыныпқа жетекшілік ету жүктемесі қоса берілді. 2003 жылы ең алғашқы түлектерім үлкен өмірге қанат қақты. Одан кейін де екі сыныпты бітіртіп, осы күнде 10 «А» сыныпқа жетекшілік етемін.Сыныбымдағы 3 оқушым «Алтын белгі» иегері атанса, 6 оқушы мектепті «Үздік аттестатпен» бітірді. 2015 жылы ҰБТ нәтижесінде Құрбанқожа Айдана орыс тілінен максималды 25 балл алып қуанышқа бөледі. Бүгінде түлектерім әр түрлі салаларда қызмет етуде, ұстазын ұмытпай кездесіп тұрады. Ұстазға шәкірттерінің жетістігін көруден асқан бақыт жоқ, – дейді.
Меруерт Зайнидинқызы жұбайы Махмутханмен үш ұл, бір қыз тірбиелеуде. Үш ұлы жоғары оқу орнын тәмамдап қызмет етіп жүрсе, қызы Алтынай Қызылорда қаласындағы Білім инновациялық лицейді «Алтын белгімен» бітіріп ҰБТ нәтижесінде 130 балл жинап, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің студенті атанды.
Баланың бойындағы кітап оқуға деген қызығушылығын оятуды мақсат еткен ұстаз әрбір бала өз бетінше білім алып, өзін өзі дамытатындай жағдайда болса деген тілеуқор көңілде. Иә, ел жастары түрлі салада адал жұмыс істеп өркендеуге үлесін қосса ұстаз еңбегінің ақталғаны. Біз де өз тарапымыздан ұрпақ тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбегінің жемісті болуына тілектестік білдірдік.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
08 қыркүйек 2021 ж. 622 0