№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аяқ су мәселесі шешілген күн

Аяқ су мәселесі шешілген күн

Бейсенбі күні аудан басшысы Мұрат Тілеумбетов бастаған аудандағы құзырлы мекеме басшылары, аудандық мәслихат депутаттары қыр беткейдегі ауылдарды бағытқа алды. Алдымен Жаманбай батыр, Талап, Манап, Қосүйеңкі және Қыраш ауылдарының тұрғындарымен кездескен әкім Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өтетінін айта келе, науқанға бірауыздан қатысуға шақырды. Елмен еркін форматта жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірін тыңдап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді.Мұрат Жолкелдіұлы ауданға басшылыққа келген бетте халықтың әлеуметтік жағдайы мен татулық, бірлікте болуын басты назарда ұстайтынын айтқан болатын. Осы бағытта жұмысын бастап кеткен әкім бұқараны алаңдататын мәселелерді шешу үшін алғашқы кездесуді Талап ауылдық округінен бастады.

АЯҚ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛГЕН КҮН

Талап елдімекенінің бүгінгі жай-күйі көңілге қонымды. Округ халқының жалпы санында өсім бар. Ауыл әкімінің айтуынша, ауыл тұрғындары қолында бар төрт түлік малын кәдеге жаратып, өз бейнетінен нәпақасын тауып отыр. Байқағанымыздай, тұрғындар мемлекеттік бағдарламалардан да қалыс қалмаған. Дегенмен түйткілді мәселе де жоқ емес. Сондықтан өздерін толғандырып жүрген сауалдарды аудан басшылығымен бөлісті.
– Осы сапар барысындағы басты мақсатым – ауылдың тыныс-тіршілігімен етене танысу, өздеріңізбен ашық сұқбаттасып, пікірлеріңізді білу. Ал өз тарапымыздан тұрғындарға тиісінше қолдағы бар көмекті көрсетуге дайынбыз, – деген әкім сөзі көп көңіліндегі үмітті үрледі.
Ауыл халқы атынан сөз алған ақсақал Оразбай Өсерханұлы ауыл тұрмысының жақсарып, ауыл шаруашылығының дамуында аяқ сумен жеткілікті түрде қамтамасыз етілуі маңызды екенін айта келе, бұл тақырып талаптықтар үшін өзекті екенін жеткізді.
– Ауыл темір жолдың арғы және бергі беті болып бөлінеді. Сағаттап ағатын суды ауылдың 60 үйі осы теміржолға қарасты су торабынан алады. Ал қалған 160 үйге берілетін судың лимиті біріншіден қымбаттап кеткен, екіншіден халыққа жетпейді. Осыны шешіп беруіңізді сұраймыз, – деді.
Бұған аудан басшысы ауылдың әр үйіне күніне, айына қанша куб су кететінін есептей келе, осы жылдың соңына дейін облыстық немесе республикалық бюджеттен қаржы қарастырып, су ұңғымасын салып ел игілігіне пайдалануға беруге жұмыс жасайтынын айтты. Ол үшін ауыл әкімі Ербол Тақырбасовқа алдағы уақытта өтетін сессияда қаралатын қаражат есебінен жобаны дайындауды тапсырды. Ал өзі ОДСП Арал мекемесінің басшысымен өзара келісіп, аяқ суға лимитты жыл соңына дейн тоқтата тұруға өтініш жасайтынын да айтып өтті.


Лаур БИБАСАРОВА


14 мамыр 2022 ж. 579 0