№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдің жүгін ер көтереді

Елдің жүгін ер көтереді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізу қажеттігі туралы мәлімдегені белгілі.
Келешегіне алаңдайтын ауыл тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Әкімдер сайланды. Енді бұған дейін әкімдік тізгінін ұстағандарға ізет көрсетіп, сайланғандарға сәттілік тілеу міндет емес пе?
Аудан әкімі аппаратының кеңейтілген мәжілісінде осындай ілтипатты сезіндік.


– Президент Жолдауын іске асыру үшін кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге арналған заңдарға 2021 жылдың мамыр айында тиісті түзетулер енгізілді. Заңдылыққа сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесінде Жаңақорған ауданы бойынша 13 ауылдық округ әкімінің сайлауы демократиялық талаптарға сай өткенін өздеріңіз көрдіңіздер. Халық өз таңдауын жасады. Сайланған ауыл әкімдері бүгінгі жиынға қатысып отыр, – деді аудан әкімі.
Бұрыннан сол ауылдың әкімі болып жүрген 6 адам қайта сайланса, қалған 7 ауылдық округке жаңадан сайланды. Олар: Жаманбай батыр ауылдық округіне Әлібек Абдуллаев, Талап ауылдық округіне Ербол Тақырбасов, Екпінді ауылдық округіне Қайрат Қожамжаров, Байкенже ауылдық округіне Нұрғали Оспанов, Өзгент ауылдық округіне Жанұзақ Мырзабаев, Көктөбе ауылдық округіне Боран Абуов.
Ал, Қосүйеңкі ауылдық округіне Әлімхан Ахтаев, Қыраш ауылдық округіне Бақытжан Әжібеков, Қожакент ауылдық округіне Елеусіз Жиенқожаев, Келінтөбе ауылдық округіне Абылай Досжанов, Манап ауылдық округіне Нұрбек Бексұлтанов, Қожамберді ауылдық округіне Нұрқасым Сейт­қасымов, Кейден ауылдық округі Сырлыбек Кенжебай жаңадан әкім сайланды.
Жаңақорған кентінің әкімі болған Есдәулет Сейілов пен Қосүйеңкі ауылдық округінің әкімі болған Жанай Жанпейісов, Қожакент ауылдық окру­гінің әкімі болған Әсілбек Айтжанов, Келінтөбе ауылдық округінің әкімі болған Жақсылық Әбілхайров, Қожам­берді ауылдық округінің әкімі болған Молдахмет Нәлібаев, Қыраш ауылдық округінің әкімі болған Сәруар Бимбетов, Кейден ауылдық округінің әкімі болған Бақтиярбек Тоқтыбаев, Манап ауылдық округінің әкімі болған Ербол Әлменов ауданның «Құрмет грамотасымен» марапатталады.
Енді ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуына өз үлесін қосып, биылғы жылы абыроймен зейнет жасына жеткен әріптестерімізді де зор құрметпен зейнетке шығарып салсақ.
– Есдәулет Мырзадәулетұлы мен Жанай Өтежанұлы Тәуелсіздік алған жылдан бастап, еліміздің, ауданымыз­дың әлеуметтік-экономикалық дамуы­на зор үлес қосты, аянбай еңбек етті, уақытпен санаспай, қаншама қиындықтарды жеңе білді. Кейінгі буынға үлгі болар істер атқарды. Алдағы уақытта да қоғамдық өмірден тыс қалмай, ел бірлігі жолында ақыл-кеңестеріңізді айтып, елдің ұйытқысы болады деп ойлаймын. Отбасыларыңызға бақ-береке, дендеріңізге саулық тілеймін, – деді Руслан Рүстемұлы.
Алқалы жиын барысында Жаңа­қорған ауданы бойынша статистика басқармасының басшысы қызметіне Өмірбек Избасов тағайындалғаны белгілі болды.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ

03 тамыз 2021 ж. 612 0