№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төрт ауылдың тынысы

Төрт ауылдың тынысы

Ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігіне талдау жасап, елмен еркін форматта жүздесіп, тұрғындар көкейіндегі ұсыныс-тілектерін тыңдау үшін аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы елді мекендерге сапарын бастады. Аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, аудан прокуроры Дарын Әбіш, ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов және бөлім басшылары бастаған делегат алдымен шалғайдағы шаруалардың жай-күйін білуге бет алды. Бағыт – Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе елді мекендері.
Жарықтандыру қашан жүргізіледі?
Әр округке барған сайын аудан басшысы алдымен білім беру мекемелеріне, клуб үйі мен медпунктерге, әкімдіктерге арнайы аялдап, жағдайымен танысты. Әсіресе, мектептерде балалардың жақсы білім алуын барынша бақылауда ұстап, түйінді мәселелер болса алдымен шешуге тапсырма берді. Сондай-ақ, жастардың кешкі уақытын тиімді өткізуде спорт кешендерін пайдалануға рұқсат беруді міндеттеді. Ғимараттары жоқ ауылдарға спорт алаңдарын қайта ретке келтіріп, мүмкіндігінше ауыл жастарын спортқа баулуды әкімдерге жүктеді.
Келесі кезекте Қандөз ауылына әкім келеді дегенді естіп, ақсақалдар бастағанауыл тұрғындары спорткешені алдына түгел келген үстінен түстік.
– Ауданға келгеніме көп уақыт өтпесе де, жаңақорғандық жұртпен жүздесіп, талап-тілегін тыңдап, таразылап келемін. Қолда бар құжаттарға сүйенсек, ауылдардың негізгі мәселесі жарық жүйесі, жол мен аяқ су жайы екенін естіп келемін. Одан да басқа қандай әлеуметтік мәселелер барын білуге жолға шықтық. Президенттің тапсырмасымен әрбір әкімге 3 айда бір рет халықпен кездесіп, ашық диалог құру міндеттелді. Осы бағытта жұмыс жасайтын боламыз. Бұл ресми кездесулер кестесі. Одан бөлек ескертусіз, жұмыс уақытында келіп, ауыл әкімінің жұмысын, елдің айтарын тыңдап кетеміз. Сондықтан, ел үшін жұмыс жасау жауапкершілігін мойындарына алған ауыл әкімдері халыққа адал қызмет жасауда жұмыла білу керек, – деп нақты меже мен міндетті айқындап берді.
Бұл ауылға бюджеттен 30 млн теңге қаржы қаралғанын айтып, мақсатты жұмсалуын қадағалауды тапсырды. Ауыл ардагерлері алдымен жарық мәселесінен бастады. Өйткені, көбіне кешқұрым жарықтың нашар болуы балалардың сабақ оқуына кедергі.
– Жалпы Сыр өңірі үшін басты мәселеге айналған жарықтандыру жағдайы. Жаңақорған ауданында өте күрделі күйде тұр. Аудандағы электр бағаналары, сымдары мен трансформаторлардың 75 пайызының тозығы жеткен. Ендігі жоспарда алдымен аудан орталығын толықтай электр жарығымен қайта қамтып, жаңартуымыз керек. Оған 3,4 млрд қаржы мақұлданып, биылға 900 млн-нан аса ақша берілді. Бұйырса, жақын күндері жұмысты бастаймыз. Ал, сол ескі сымдар мен бағаналар, трансформаторлардың ішінде жарамдыларын мұқтаж округтерге беретін боламыз. Ол да уақытша, өйткені, 2 жылдың көлемінде елді мекендердің де жарық жүйесі жаңғыратын болады. Бұл барлық ауылға қатысты. Оған «КРЭК» мекемесі жауапты, жыл соңына дейін өз бюджеттерінен жобалау құжатын жасап, келер жылы іске кірісу керек, – деді аудан әкімі.
Ал, ауыл шетіндегі жалғыз тұрғын Тұрсын Жәнібековтің үйіне су құбырын тартуды аудан басшысы ОДСП Арал мекемесіне жүктеп, 20 күн ішінде бітіруді тапсырды. Үшінші мәселе, ауыл ардагерлері ауылдың перзенті Нәзір Төркеқұловтың есімін спорт кешеніне, ескерткішін осы ғимарат ауласына орнатуды ұсынды. Әкім мақұлдап, тез арада шешу жолын тапсырды. Кешенге келер 200 метрден астам тас жолды асфальттауға қаржы бөлуді тапсырды. Сосын сағат кешкі 7-ден түнгі 22.00-ге дейін осы нысанда ауыл жастарының волейбол мен футбол ойнауына мүмкіндік беруді міндеттеді. Қандөзде жалпы 350 бала болса, соның 100-ден астамы осы спорт қабырғасында жаттығады.
Кездесу соңына қарай Мұрат Жолкелдіұлы қарияларды жеке қабылдап, тілектерін тыңдады. Төрт ауылда да жиын соңы жеке қабылдаумен түйінделді. Қандөзде екі мәселе қойылды. Тұрғындарды кезінде құрылысы толық бітпей қабылданып кеткен балалар алаңы алаңдатуда. Аудан басшысы ауыл әкіміне алаңды қайта қалпына келтіру үшін 1 ай уақыт берді. Екіншіден, «Арал ОДСП» теңгерімінде тұрған ауыл шетіндегі ауыз судың тарифін ретке келтіруді тапсырды.

07 мамыр 2022 ж. 2 782 0