№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Адвокаттар дауласушы тараптарды татуластыруға жәрдемдесті

Адвокаттар дауласушы тараптарды татуластыруға жәрдемдесті

Партисипативтік рәсім тәртібімен тараптарды татуластыру-бұл Азаматтық процестік Кодекстің негізгі іргетасының бірі десек болады.
Партисипативтік рәсім тәртібі сот жүйесінің үш деңгейлі жүйесін қалыптастыру тұрғысынан азаматтық істерді қараудың процестік тәртібін айқындайды.
Дауды сотқа дейін реттеу тараптарға дауды қысқа мерзімде, материалдық және моральдық аз шығындармен реттеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ дауласушы тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дау-жанжалдарды сотқа дейінгі реттеу міндеттілігін қарастыра алады.
Осы партисипативтік рәсім тәртібімен Жаңақорған аудандық сотының іс жүргізуіндегі азаматтық іс оң шешімін тапты.
Сотта талап қоюшы К-ның талап қоюымен жауапкер Ш-ға және үшінші тұлғалар Жаңақорған кенті әкімінің аппараты КММ-і, Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі КММ-і, «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес Акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Жаңақорған аудандық бөлімі, Жаңақорған аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі КММ-і арасында азаматтық іс қаралды.
Талап қоюшы К., Жаңақорған кентіндегі жер учаскесіне тексеру және таңдау актісі бойынша тұрғын үйдің қақпа жақ бетіндегі жер көлемін есептемегенде, тиесілі құжат бойынша 20 метр жерді көше жақ беттен қалдыруға, жауапкер Ш-ның кенттегі Оңғарбай көшесінде орналасқан сарай құрылысын өз есебінен бұздыртуды міндеттеу, және жауапкер.Ш-нің аталған мекен-жай бойынша қоршау жұмыстарына кедергі келтірмеуді міндеттеу. жайлы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Істі сотта қарау барысында судья дауласушы тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу құқықтарын түсіндірді.
Тараптар дауды адвокаттардың жәрдемдесуімен партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.
Партисипативтік рәсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың адвокаттары Д.Тұрабаев пен М.Мадияровтың жәрдемдесулерімен жүзеге асырылды.
Партисиптивтік рәсім тараптардың татуласуы бойынша олардың мүдделерін ескере отырып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік берді.
Жасалған партисипативтік келісім бойынша жауапкер Ш., аталған мекен жайдағы жер учаскесін талап қоюшы К-ге беруге міндеттенді.
Ал талап қоюшы К., жауапкер Ш-ға 2 500 000 теңгені 1 ай көлемінде беруге және өз есебінен 26.10 метр ірге тасын құйып, көше бетке қоршау жасап беруге, ескі дарбазаны көшенің сол жақ бетінен оң жақ бетіне ауыстырып, дарбазаның ішкі жақ бетіне 20 тонна тас төсеп беруге міндеттенді.
Осылайша тараптар істі партисипативтік рәсім арқылы реттеп, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрынғы қарым-қатынастарын сақтап қалды.
Енді бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Бұл өз кезегінде татуластыру арқылы бір іс шегінде тараптар бірқатар мәселелерді шеше алатындығының көрінісі.
Әсіресе, бұл мұра туралы туыстар арасындағы, көршілер арасындағы, еңбек ұжымындағы дауларды қарау және шешу кезінде оң ықпал етеді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
17 наурыз 2022 ж. 156 0