№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Екі азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Екі азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді


Жаңақорған аудандық сотында екі азаматтық іс адвокаттардың жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.


Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
Іс құжаттарына сәйкес бірінші іс бойынша сотқа талап қоюшы И. жауапкерлер А., И-дан, жер учаскелерін сату мәмілелері жасалған деп тану жайлы талаппен жүгінген.
Сотта екінші іс бойынша талап қоюшы А. жауапкер «Премиум-Класс-Строй» ЖШС-і, «Орда Строймарт» ЖШС-і, ЖК Темірлан, кадастрлық нөмірі 10-149-040-1907 жер учаскесін босатып беруді міндеттеу және өтемақы өндіру жайлы талаппен жүгінген.
Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья И.Тұңғышбаев тараптарға дауды татуласу, медиация, партисипативтік рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.
Сот отырысында тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық Процестік Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.
Ұйғарым күшіне енбеген.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
---
20 тамыз 2020 ж. 573 0