№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сотта азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Сотта азаматтық іс партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді


Жаңақорған аудандық сотында азаматтық іс адвокаттардың жәрдемдесуімен келіссөздер жүргізуі арқылы дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасаумен аяқталды.


Істі сот талқылауына дайындық барысында, алдын ала сот отырысында іс бойынша төрағалық еткен судья Э.Рыскулов тараптарға дауды татуласу, медиация, партисипативтік рәсімдерін жүргізу арқылы аяқтау құқықтарын түсіндірген.
Партисипативтік рәсім екі тараптың да адвокаттарының дауды реттеуге жәрдемдесуімен тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы судьяның қатысуынсыз өткізіледі.
Іс құжаттарына сәйкес іс бойынша сотқа талап қоюшы А. жауапкер Ә-дан, қарыз ақша өндіру жайлы талаппен жүгінген.
Сот отырысында тараптар адвокаттарының жәрдемдесуімен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасағандарын көрсетіп, соттан аталған келісімді бекітуді сұрады.
Судья дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің мазмұнын тексеріп, жасалған келісімнің шарттары заң талаптарына қайшы келмейтінін және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтынын анықтап, Азаматтық Процестік Кодекстің 177-бабына сәйкес оны бекіту және іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.
Ұйғарым күшіне енбеген.

Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
02 қыркүйек 2020 ж. 616 0