№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тігіншілікті ту еткен

Тігіншілікті ту еткен


Бүгінгі кейіпкеріміз қолөнермен қоса ұлттық киімдерді тігумен және өзінің бос уакытында құрақ құрау, киізден түрлі сырмақ әшекейлеу, суреттер мен кәдесыйлықтар, гобелен, биссермен тоқу, ойыншық, тағы да басқа қолөнер бұйымдарын жасаумен айналысады.


– Мен бес жасымнан қолөнерге бейім болдым. Бұл өнер маған анамнан дарыған. Кішкентайымнан сол кісінің жасаған дүниелерін көріп өстім. Содан болар ісмерлік жаныма жақын болды. Қазір осы сала бойынша Жаңақорған агроколледжінде қолөнерден сабақ берудемін. Басты мақсатым өз білгендерімді өзгеге үйретіп, қазақтың ұлттық өнерін көпшілікке насихаттау. Шәкірт тәрбиелеу, – дейді кейіпкеріміз ағынан жарыла.
«Шебердің қолы ортақ», демекші ісмерлікті жанына серік еткен Гулшаттың шәкірттері өз киімдерін немесе тағы басқа тұрмыстық затты тіктіру үшін тігінші іздеп сабылып жүрмейді, өз керегін өзі тігіп ала алады Бұл – білімгерлер үшін улкен көмек.
Енді кейіпкеріміздің өмір жолына тоқталсақ. Гулшат Бейсенбекқызы Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік университеттің «Тігін бұйымдарын конструкциялау және модельдеу» мамандығын үздік бітіріп, еңбек жолын сол шаһардағы Мектеп аралық оқу-өндірістік комбинатында тігінші, дизайнер, қолөнер, модельер мамандығынан дәріс берген. Одан кейін аудандағы Әлшекей атындағы өнер мектебінде қолөнер үйірмесінен сабақ берген. Қазіргі таңда атаулы оқу орнында тігіннен сабақ береді.
Өмірін ісмерлікке арнаған нәзік жандының жеткен жетістігі де аз емес. Республикалық деңгейдегі 2 дәрежелі «Ұлағатты ұстаз» орденімен марапатталған. Халықаралық, облыс­тық байқаулардан бас жулде алған. Республикалық жасөспірімдер арасын­дағы «Делфий ойындары» байқауы­нан шәкірті Салтанат Сатыбалды бас жүл­де алған. Республикалық деңгейдегі 2 дәрежелі «Ұлағатты ұстаз» ордерімен марапатталған.

Түйін.
Халқымыздың қолөнері – ұрпақтан – ұрпаққа мұра болып келе жатқан ұлттық мәдениетіміздің ажырамас бөлігі саналады. Қолөнер түрлерінің өн бойында халықтың материалдық және рухани болмысы корініс тапкан. Бұлай деуімізге басты себеп: халықтың қолөнер еліміздің тұрмыс жағдайынан, материалдық жай-күйінен ғана хабар бермей, эстетикалық талғамынан, тарихы мен таным-түсінігнен де мол мәліметке қанықтырады. Осындай ұллтық мәдениет үлгілерінің дәстүрлерін оқып-үйрену – кейінгі ұрпаққа мұра етіп сақтауға, сонымен қатар, бүгінгі тұрмыс тіршілік, әлеуметік жағдайларға сай қолдана білуге үлкен мүмкіндіктер береді.

Әсел Ибрагимова
31 наурыз 2022 ж. 315 0