№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тігіншілік – тіршілікті тіктейді

Тігіншілік – тіршілікті тіктейді

«Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген тәмсіл бар. Бүгінде ауданда кәсіпкерлік саласы кеңейіп келеді. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін үкіметтен көрсетілетін қолдау көп. Жеңілдетілген несиелер алып, кәсібін жандандырып жүргендер де жетерлік. Демек, біздің өңірде кәсіпкерлікті дамыту жолында жасалынып жатқан жұмыстар аз емес. Бүгінгі біздің  кейіпкеріміз тігіншілік өнерін жанына серік еткен Назарова Шекер Жеңісбекқызы. Ол бүгінде шағын кәсібін қолға алып, өз еңбегінің арқасында тігін ательесін ашып, өз жұмысын  дөңгелетіп отыр.
– Тігін тігу маған қанмен дарыған десе де болады. Анам – тігінші.  Жастайымнан анамның құрақ құрап, тігін машинасында зырылдатып тігін тігіп отырғанын көріп өстім. Ес білгеннен кейін анамызға қолғабыс жасап, бізде көрпе көктеп, көрпеше тіге бастадық. Одан бөлек, өзім өзге елдердің асханасын меңгеріп, тамақтың түр-түрін пісіруді үйрендім. Өйткені, өзіме қатты ұнайды, жүрек қалауым ғой. Ал, тұрмысқа шыққаннан кейін үйде отырып тапсырыстар қабылдай бастадым. «Бақыттың кілті – еңбекте» дегендей, шынайы еңбектің арқасында аудан орталығынан кішігірім тігін шеберханасын аштым. Әрі «Бастау бизнес» бағдарламасы арқылы грант ұтып алып, кәсібімді дөңгелетуіме себепкер болды. Ол ақшаға заманауи тігін машинасын сатып алып, содан, міне, осы жерде тапсырыс қабылдай бастадым. Шүкір, тапсырыс көп. Карантинде де қарап жатпай  қыз жасауын тігіп, халықтың сұранысын қанағаттандыруға ат салыстым, – дейді ол.
Табыс көзін табуда Шекер қателеспеді. Бала кезінен анасынан үйренген құрақ құрап, көрпе тігу өнерін кәдеге жаратты. Өзінің қатарластары секілді қала жағаламады, ауылдың өзінде тұрып ақ тігіншілікті кәсіп етіп, әжептәуір кіріс көзіне айналдырды. Әрекет болмай-берекет жоқ. Бірлікте еңбектеніп, кәсіптерін көңілді, өнімді жұмысқа айналдыра білген жап-жас қыздың еңбекқорлығына тәнті болдық.
Міне, осылайша тұрмысының күрмеуін кәсібі арқылы келістіріп, шаруасын шырайландырып отырған жан Шекер Жеңісбекқызының жайымен қанықтық. Бүгінде сүйікті жар, жолдасы Бағдаттың қолдауымен аяққа нық тұрып, екі қыздың анасы бола отырып  әрі кәсіпкерліктің дами түсуіне айтарлықтай үлесін қосуда.
Иа, шебермен сөйлесіп отырып, бесік тойға арнап, аппақ пұлыштан бесік жабуын тігіп отырған ісмер әрбір шаңырақтағы қуанышқа осылай ортақтасып жүргеніне куә болдық. Қысқасы, Шекер Жеңісбекқызы үйде қарап отырмай, табыс табудың жолын тапты. Бізді қызықтырғаны, оның жаңалыққа құмарлығы, еңбекқорлығы, ізденімпаздылығы. Осы тұрғыда алғанда, ол көптеген аруларға үлгі.
Әсел РЗАЕВА
14 сәуір 2021 ж. 736 0