№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТІГІНШІЛІКТІ ТУ ЕТКЕН

ТІГІНШІЛІКТІ ТУ ЕТКЕН

Тігіншілік – үлкен өнер. Себебі, мұндай атадан қалған асыл қасиет кез-келген жанға бақ болып қона бермейтіні анық. Сондықтан, бойына осындай дарын дарыған жайылмалық жас Ақжарқын Тасболат ауылдағы ағайынды тігіншілікке баулып келеді. Былтыр «Zhasprojekt» жобасын жеңіп алған Ақжарқын алты ай бойы 30 тұрғынға қызмет көрсетті.

– Бұл жобаға өзімнің идеямды ұсынар алдында көп ойландым. Ең бастысы, әлеуметтік жоба болғаннан кейін ауылда қандай кәсіп түріне сұраныстың көп екенін зерделедім. Егіншілікке бейім Жайылма жұртына тігін өнері керек екенін әу баста түсінген едім. Соңында нақты шешімге келіп, жаныма серік еткен тігіншілік өнерді өрістетуді мақсат еттім, – деп сөз бастады іскер жас.
Иә, мақсаты айқын Ақжарқынның арманы ақиқатқа айналуына адымен ата-анасы қолдау білдірді. Ісмерлікті кәсіпке жаратқан ол жоба бойынша әр ай сайын бес тұрғынға тігіншіліктің қыр-сырын меңгертіп, ісмерлікті игілігіне икемдеуді үйреткен. Ауыл тұрғындарынан киім пішу, көрпе тігу, қыз жасауын дайындауды үйренуге келген жандардың саны күн санап өсіп, қызығушылық танытқан. Бас-аяғы 6 айда 30 адамға ісмерлікті үйреткен Ақжарқын, бұл ісін алдағы уақытта одан әрі жалғастыруды көздеп отыр.
– Менің бар көздегенім білгенімді басқаларға үйрету болды. Ауылда жұмыссыз отырған аналар көп. Сол кісілерге қол ұшын созып, тігіншілікті меңгергенде көп дүниені ақша шығындамай-ақ жасауға болатынын түсіндірдім. Мәселен, базарға барып дайын бір көрпешені 7000 теңгеге сатып аласыз. Оның сапасы да сын көтере бермейді. Ал, қолыңнан іс келсе, ол қаржыға мақта-матасын алып, екеуін тігіп алуға болады. Бұл үлкен үнемділік. Мен осыны қыз-келіншектерге үйретуді жөн санадым, – дейді жас кәсіпкер.
Ақжарқынның жобасының мақсаты – жұмыссыз және бала күтіміндегі қыз-келіншектерге тігін саласының қыр-сырын үйретіп, көп балалы және аз қамтылған отбасының балаларының бос уақытын тиімді пайдаланып, өмірлік дағдыға қалыптастыру. Бұл бастаманың нәтижесінде, осы топтағы азаматтардың білім деңгейі жоғарылап, шығармашылық қабілеті артары анық
«Шебердің қолы ортақ», демекші ісмерлікті жанына серік еткен жігерлі жастың игі бастамасы ауыл халқына өз пайдасын тигізді. Өйткені, бұрындары киімді немесе тағы басқа тұрмыстық затты тіктіру үшін аудан орталығына келетін тұрғындар, енді ол қызметтің түріне өз елді мекендерінен-ақ қол жеткізетін болған. Бұл – ауыл халқы үшін үлкен көмек.
Бүгінде елде жастарды қолдау қарқынды жолға қойылды. Жастар үшін мемлекет тарапынан беріліп жатқан көмекке қол жеткізіп, оны ел игілігі жолында жүзеге асырған Ақжарқын Тасболаттың бастамасы қатарластарына үлгі болары анық...

Әли ТЕМІРБЕК.
23 қаңтар 2019 ж. 1 220 0