№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адами капитал – өркендеудің негізі

Адами капитал – өркендеудің негізі


Ұлы ойшыл Әл-Фараби «Адам сияқты шаһардың да тамырын жалғаған қаны, бойына біткен жаны болады. Тек оның тәнін тірі қылатын да, шаруасын ірі қылатын да – шаһар халықы», – деп, елдің өркендеуі мен дамуы адами капиталға тәуелділігін ықылым заманда айтып кеткен.



Адами ресурстардың саны мен сапасы кез-келген елдің болашығын айқындайтын негізгі фактор. Бұл жө­нінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында: «Тәуелсіз еліміздің басты байлығы – адам. Мемлекетіміздің тірегі де, алтын діңгегі де – Қазақстан халқы. Мен бойымдағы қуат, қызметімдегі тәжірибе, ойымдағы нәр – бәрі-бәрін халқыма қызмет етуге жұмсап келемін. Сол үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері тағдыр талайымен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған миллионнан астам қандастарымызды атамекенге алдырдым...», – деді.
Елбасының әр жылғы Жолдауында басымдыққа ие болып келе жатқан адами капитал ұстанымы бүгінгі күннің басты құндылығына айналды. Мұны әлемнің озық елдері адами капиталды дамытуға мән беріп жатқанынан көруге болады.
Аудандық мәслихат депутаты ретінде әлеуметтік сала, оның ішінде білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасының деңгейінен хабардармын. Соңғы жылдары аудан мектептерінде интернетке қосылған компьютер саны артып, робототехника кабинеттері ашылып, жаратылыстану бағытындағы заманауи панель тақталар келді. Оның бәрі білім сапасының артуына септігін тигізеді.
Мәселен біздің №195 мектеп-гим­назияда жылына 1500 сағат жоғары оқу орынының ұстаздары келіп са­бақ өтеді. Соның нәтижесінде мұға­лімдер мен шәкірттер Халықаралық Республикалық олимпиадалардан бой көрсетіп жүр. Бұл сөзіме оқушымыз Мұхамедали Абдуллаев пен Шұғыла Ғалиқызының Республикалық білім додасынан топ жарғаны дәлел. Сондай-ақ мектепте 5-11 сынып оқушыларын робототехника пәнін оқиды. Мектепте химия, физика, биология, ағылшын, мультимедия кабинеттері соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған. Шәкірттер теориядан алған білімін арнайы кабинеттерде практика жүзінде іске асырып, тәжірибе жинақтайды. Мектептердің дәл осылай заман талабына сай жабдықталуы да білім сапасының артып, адами капиталдың деңгейінің артуына септігін тигізеді.
Мемлекеттің адами капиталының басты көрінісі – білімділігі мен білік­тілігінде. Яғни білімде серпіліс болмаса инновациялық дамудың болмасы белгілі жайт. Демек, елдегі білім ордалары тәлімді тәрбиеге негізделген сапалы білім беруді айнымас жолдасына айналдыруы керек. Сонда ғана инно­вациялық дамудың жолдарын меңгеріп, озық елдермен бой жарыстыра алатын боламыз.
Айта кетейік, адами капитал – адам­дардың өндіріс процесіне қатысуы кезіндегі қабілеті мен білімі, еңбек ету ықпалдылығы. Мәселен адам капи­талының инвестициясына – білім алуға, денсаулық сақтауға кететін шығындар кіреді. Бүгінгінің тәжірибесі дәлелдегендей, экономикалық жетістік мықты білім мен технологиялық өзгерістерді қамтудан басталады. Бүгінде табысты болу үшін адам капиталының ресурстарын арттырудың алар орны бөлек. Өйткені, инновацияның өзі бәсекеге қабілетті адам ресурсына негізделеді. Ақпараттық технологиялар мен өндірістік технолияларды жасап, меңгерген ел әлемдік нарықта көшбасшы болатынына өзіміз куә болудамыз. Демек, Қазақстан экономикасының жеделдете дамуына, азаматтардың әл-ауқатының өсуіне шешуші үлесті тек адами капитал қосады.

Жанат ЖҮСІПОВА,
аудандық мәслихаттың депутаты, №195 мектеп-гимназиясының директоры

14 желтоқсан 2021 ж. 461 0