Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адами капитал – басты құндылық

Адами капитал – басты құндылық


«Қазақ деген недеген төзімді халық?! Көнбеске көніп, шыдамасқа шыдаған. Болашағы бұлдыр болған күннің өзінде сағын сындырмай, келешектен үмітін үзбеген. Қиындық атаулыға қасқая қарсы тұрып, үздіксіз алға жылжыған». Бұл – Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласындағы орамды ойлар.


Расында мыңжылдықтар көшінде қазақ ұлты тар жол, тайғақ кешуден өтіп, бүгінге жетті. Шүкір, Елбасы айтқандай, шекарамыз шегенделіп, халықаралық құжаттармен бекітіліп, мемлекеттік мұрат «Мәңгілік Ел» идеясымен ұштасты.
Бұған дейін Елбасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында басты құндылықтарды саралап, бағдаршам етуді ұсынды. Сондағы «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» атты басымдығы адами капиталды дамытудың маңызын қайта есімізге салып, маңызын түсіндіре түсті.
Колледж директоры Жомарт Шауеновтің іскерлігінің нәтижесінде білім ордасы жаңарып, ХХІ ғасырдың талап-міндеттеріне сай қайта қалыптасты. Әрине, білім ордасы директорының ұсыныс-тілегін қол­даған аудандағы, облыстағы бас­шыларға алғысымыз зор.
2019 жылы колледждегі 14 мамандық түріне тағы 5 мамандықтың қосылған, оқу орнында 10, 11 сыныптағы жастар білім алуда, олар үш жыл оқиды.
Қазір теориялық білімге қарағанда практикалық тәжірибеге маңыз беріліп, өндірістік сабақтарды өз дәрежесінде өткізуде арнайы кабинеттер заманауи құрал-жаб­дықтармен жабдықталуда. Мәселен, токарь станогында жұмыс істеу технологиясы мен дәнекерлеу шеберханасына қойылған құны 122 млн теңге тұратын заманауи металл пісіретін және плазмалық аппараттың мүмкіндігі мол. «Тігін өндірісі және киімдерді мо­дельдеу» шеберханасында оқитын талапкерлерге да жақсы жағдай жасалды. Соңғы үлгідегі заманауи құралдар 342 тігіс түрлері, жазу, кестелеу технологиясымен қамтылды. Мұның бәрі студенттердің білікті маман боып шығуында шешуші рөл атқаратыны сөзсіз.
Тұңғыш Президент: «Табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Осыны жастардың санасына сіңіру қажет» дейді қағидаттар жиынтығында.
Әлемнің озық елдері адами капиталды дамытуға басымдық беріп, жасөспірімдер мен жастарға сапалы білім беруде заманауи технологияны меңгеруде, тілдерді үйретуде. Кейінгі жылдары біздің елдегі білім беру саласында жаңару, жаңғыру жұмыстары қолға алынып, жаңашылдықтар енуде. Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде де осындай оң өзгерістерді байқауға болады. Біз бұған қуаныштымыз.
Қазақстанның жарқын болашағын жақтайтын істеріне барлығымыз белсенді қатысуымыз қажет. Ел болашағы жолында жалынды еңбек ету біздің басты мақсатымыз.

Гүлжан АЛТЫБАЕВА,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің заңгері

11 желтоқсан 2021 ж. 232 0