Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 537

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ПРЕСС-ТУР: БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ЖАҢАҚОРҒАН АГТС» ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ПРЕСС-ТУР: БАҚ ӨКІЛДЕРІ «ЖАҢАҚОРҒАН АГТС» ЖОБАСЫМЕН ТАНЫСТЫ


Бүгін Жаңақорған ауданында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған пресс - тур аясында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері «Жаңақорған Автоматтандырылған Газ Тарату Станциясын (АГТС) кеңейту» жобасының жүзеге асырылу барысымен танысты.
Аудан аумағында жүзеге асып жатқан бұл маңызды инфрақұрылымдық жоба – қолданыстағы «Жаңақорған АГТС»-тің қуатын 20 000 м³/сағаттан 40 000 м³/сағатқа дейін ұлғайтуды көздейді. Жобаның жалпы құны – 2,3 млрд теңге.
Құрылыс жұмыстарын «Транс Азия Констракшн» ЖШС жүргізуде. Ал қажетті технологиялық құрал-жабдықтар «Батыс Мұнай Газ Жабдықтары» ЖШС тарапынан жеткізіліп, бүгінде 13 блок-модуль мен тиісті құрылғылар толық орнатылды.
Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 98 пайызы орындалып, нысанды ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында толық аяқтау жоспарлануда.
Жоба іске қосылған жағдайда аудандағы
8 елді мекеннің (Қожакент, Өзгент, Ақсуат, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже, Билібай) тұрғындары мен кәсіпорындары көгілдір отынға қосылады. Бұл – 1793 тұрғын үй мен 11604 халықтың өмір сапасын жақсартуға сеп болмақ.
15 шілде 2025 ж. 221 0