№60 (8874) 12

12 тамыз 2025 ж.

№59 (8873) 9

09 тамыз 2025 ж.

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мал азығы қысқа дайын ба?

Мал азығы қысқа дайын ба?


“Жаздың бір күні – жылға азық” дейтін диқандар ерте көктемнен қара күзге дейін тынбай еңбек етіп, маңдай тердің арқасында түйір дәннің қадірін жақсы біледі. Әсіресе, тіршілігін төрт түлікпен жалғаған ауылдағы ағайын мал азығына аса мән береді. Биыл жоңышқа мен бидайдың жағдайы көңіл көншітеді дейді дала еңбеккерлері. Жоңышқаның шығымы жақсы, ерте көктемнен бастап нарыққа бет алған егіншілер енді үшінші орымға дайындалуда. Баға да шаруа еңбегіне татиды, мемлекет тарапынан пайдаланылған судың субсидиясы беріледі. Тек күрішке қарағанда құны төмендеу болғанымен бұл да шаруаларға үлкен қолдау. Бидай мен жүгерінің шаруасы ширап тұр.


Ағымдағы жылы аймақта 76 200 гектар жайылымдық, шабындық жер суғарылған. 2025-2026 жылдарға 958 мың тонна та­би­ғи шөп, 192 мың тонна жем және 157 мың тонна сабан дайындау жоспарлануда. Жоңышқаның бірінші орымынан 111 300 тонна жиналды. Жаппай шөп дайын­дау жұмыстары шілде айының екінші жартысынан басталады.
Жалпы аудан бойынша 35 мыңнан аса гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, соның 23 мыңнан астамы жоңышқа мен бидайға тиесілі.
– Су тапшылығына байланысты биыл наурыздың 20-нан бастап 1 ай жоңышқа­ны суландырып алдық. Өйткені, күрішті суға бастыру сәуір айының аяғынан бас­талатындықтан, екі егінді бір арнаға тоғыстырғымыз келмеді. Аудан бойынша 2025-2026 жылға қысына қатысатын 122 458 бас шартты мал басы нақтыланып, осыған орай 185,8 мың тонна шөп, 37,5 мың тонна жем және 37,6 мың тонна сабан дайындау жоспары бекітілді. Бүгінгі күні бекітілген жоспарға сәйкес жоңышқа дақылының алғашқы орымынан 51,0 мың тонна шөп дайындалып, жоспар 27,5 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін бұл жоспар толық орындалатын болады, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.
Жаңақорған аграрлы ауданға айналды. Соңғы жылдардың есебінде біздің аудан мал шаруашылығы жөнінен өңірде көш бастап тұр. Әсіресе, уақ малдың қарасы өте көп. Бір қынжылтатыны, ет бағасының құны шарықтап барады. Осыған бақылау болмай тұрғаны өкінішті. Осы уақытқа дейін мал шаруасына жөнсіз субсидия алып келген кәсіпкерлер бағаны күрт өсіріп жібергені рас. Өндірілген мал өнімдерінің көлеміне кел­сек, 2025 жылдың 1 маусымдағы көрсеткі­ші бойынша ет – 3 231,5 тонна, сауылған сиыр сүті – 2 771,4 тонна, тауық жұмыртқа­сы – 667,0 мың дана өндірілген. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіштер 100 пайыздан асып жығылады. Өзіміздің өнімге көңіл толады, тек бағаға бақылау болмай тұрғаны қынжылтады.
– Жалпы жоңышқаның ахуалы жақсы. Оңтүстік өңірлерге, әсіресе, Қарабұлаққа жыл сайын экспорт жасаймыз. Биыл да осы ауылдың шаруалары өнімді ойдағыдай сұрады. Енді өзіміздің Арал ауданына жөнелтуді бастадық. Биыл Арал ауданында қуаңшылық орын алып, кейбір ауылдар мал азығынан тарыға бастапты. Осыған орай, облыс әкімінің тапсырмасымен әр аудан өздеріне бекітілген ауылдарға тауарлар алып барып, нарыққа шығаруда. Бізге аудан орталығынан 100 шақырымда орналасқан Қарақұм елді мекені беріліпті. Бұл ауыл толықтай төрт түлікпен күнелтіп отыр.
– Берілген меже қандай болды?
– Кестеге сәйкес өткен апта соңында барып қайттық. Берілген меже 10 мың пресс болатын, әзірге жартысын апардық. 10 КамАЗ көлікпен арнайы барып, қолжетімді бағада саудаладық. 1200 теңгеден сатылып, тұрғындар дән разы. Бұйырса екінші кестеге сай, жолға шығатын боламыз.
Иә, табиғи құбылыстар белгілі бір уақытта айналып соғып, мінез танытып тұрады. Осыдан тура 100 жыл бұрын қазақ сахарасында қуаңшылық жайлап, соның салдары мал-жанға ауыр тигенін тарихтан жақсы білеміз. Қазір технология дамыған заманда инновациялық жобалар өнімділік­ті арттырып, өрісімізді кеңейтуде. Бірақ, биылғы аптап ыстыққа дәрменсіз екенімізді екшедік. Қазірдің өзінде Арал ауданында мал шығыны орын алуда. Жаңақорғанда да жағдай мәз емес. Әсіресе ауданның Қаратау беткейінде от жоқ. Ал оттықпаған малдың қыстан өтуі қиын. Егер қаһарлы қысқа қажетті жемшөпті жинап алсаңыз жақсы, жинамасаңыз төрт түлікті сақтап қалу қиын. Міне, осындай қысылтаяңда қолдау білді­ріп, қолжетімді бағада еңбектерін ұсынған жаңақорғандықтарға Арал халқы дән разы. Мүмкіндік болса межеден аса алуға ниетті олар ұсыныстарын да жеткізді. Ол уақыттың еншісінде.
Жалпы, биылғы мал азығының ахуалы осылай түйінделуде. Қысқа азық жүйеленді деген малшы қауым енді өзге өнімнің шаруасын реттеуге кірісті.

Әли ТЕМІРБЕК

21 шілде 2025 ж. 194 0