№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлемге танылған шаһар

Әлемге танылған шаһар

  Астанаға Елбасының есімін бергені Тұңғыш Президенттің мемлекеттің қалыптасуына сіңірген орасан зор еңбегіне көрсеткен құрметі деп білемін. Себебі, бұрынғы Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан – Елбасының төл туындысы. Бүгінде еліміздің барлық өңірі осы Елордаға қарап бой түзейді.

    Жарсыратыны жоқ, Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан өз жолында әлем аренасындағы биік белестерді бағындырып, төрткүл дүниеге танылды. Негізі тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халықтың таңдауымен ел Президенттігіне Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты сайлады. Н.Назарбаев – барша жаһанға танылған, еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, келешекті көрегенділікпен саралайтын көшбасшы тұлға. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің символы ретінде Елорданы таңғажайып шаһарға айналдырып, әлемге танытты. Оған қоса, ұрпақ болашағы үшін жасаған әрбір бастамасын елдің ертеңгі игілігіне арнады. Осы жолда сындарлы сәттерден сүрінбей өтіп, терезесі тең, керегесі кең елге айналуына барын салды. Ең бастысы – «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру бүгінгі және болашақ ұрпаққа мәртебелі іс болды. Егемендіктің елең-алаң шақтарында елдің еңсесін тіктеп, шекараны шегендеп, сан ғасыр бойғы бабалар арманын баянды еткен Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз зор. «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасы Тұңғыш Президенттің көрегенділігін дәлелдейді.
Қорыта айтқанда, заманымыздың көшбасшы қайраткері ретінде Қазақстанды әлем төріне шығарғаны үшін, туған халқының дана перзенті ретінде бабалар аманатының бағын жандырғаны үшін Астана атауының «Нұр-Сұлтан» деп өзгертілуін лайықты, тарихи шешім деп білеміз.

Тілеухан БАЙСЫНОВ,
ел ағасы.
09 сәуір 2019 ж. 1 262 0