№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кенттің қақпасы жаңарады

Кенттің қақпасы жаңарады


Өткен жылы аудан әкімі Сұлтан Мақашовпен Жаңақорған кентіндегі көшелерді аралап, атқарылатын жұмыстарды пысықтаған кезде темір жол вокзалына тоқтап, заман талабына сай жаңарту, жаңғырту жөнінде мамандармен ақылдасқаны есімде. «Айтылған сөз – атылған оқпен тең». Айтылды ма?! Енді орындау керек! Бүгінде соған куә болудамыз.

– Темір жол вокзалы ауданның қақпасы саналады. Шипажайда ем алуға, той-томалаққа және т.б жағдайға байланысты қаншама қонақтар келеді. Олар вокзалдың кей­піне қарап, ауданға баға береді. Сондықтан ауданның қақпасының салтанаты жарасып тұрғаны абзал. Аманкелді көшесін кеңейтіп, жаңғыртқанда осыған мән беру керекпіз, – деген еді аудан басшысы.
Мұны сала басшылары қолдап, вокзал маңын кеңейту және абат­тандыру жобасын жасап, жаңарту, жаңғырту ісіне мән берді. Карантин ашылған бойда кентке сән беретін жобаның алғышаттары басталды.
Құрылыс жұмыстары жөнінде кент әкімдігінің бас маманы Болат Айдарбековтен сұрадық. Темір жол вокзалы аумағында орналасқан ашаршылық және қу­ғын-сүргін құрбандарына арнал­ған ескерткішті Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарихи-мәдени сараптама қорытындысына сәй­кес, ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішінің орын ауыстыру және өзгертуге қорытынды берілді.
Ескерте кететіні, ескерткіш ашар­шылық және құғын-сүргін құрбандарына арналып қойыл­маған екен. 1969 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың құрметіне қойылды. 1995 жылы аудан орталығында Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай «Тағзым алаңы» ашылып, ескерткіш ашаршылық құрбандарының ру­хына арналып өзгертілді.
Мамандардың сөзінше, тарихи орынның мазмұны ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке сәйкес емес және тарихи-мәдени, сәулеттік құндылығы жойылған деген қорытынды берілді.
Мәдениет және ақпарат минис­трлігінің 2007 жылы 20 та­мыз­ындағы №219 бұйрығына сәйкес ескерткішті жаңартып, сәулеттендіру мақсатында Тәуел­сіздік көшесінің бойында Ауған соғысы ардагерлері және Семей Невада мен Чернобыль апатына қатысушыларға арналған ескерткіш жанына ауыстыру жұмыстары жүргізілуде екен.
Енді ескі ескерткіш орны кеңейтіліп, арнайы авто тұрақ жасалып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, сәулетті сағат орнатып, ірі мегаполистердегі вокзалдың кейпіне жақындай түседі.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
16 мамыр 2020 ж. 641 0