№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ерікті екпе – елдігімізге сын

Ерікті екпе – елдігімізге сын


Аудан басшылығы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатындағы ерікті вакциналаудың індетпен күресте тиімді тәсіл ретінде қуат-құдыретін әлеуметтік желіде жан-жақты насихаттап келеді. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің тұрғындарға үндеу жариялап, ертерек қам жасауға құлағдар еткені екпеге екпін берері хақ. Аудандағы ахуалды назарда ұстап, кенжелеп келе жатқан ауылдық округ басшыларына күн сайын екпені жеделдету жөнінде тапсырма берілуде. Өйткені, қалыпты өмірге оралу жалпы қоғамға, адамзат баласына қажетті құндылық. Жауапкершілік жүгін сезініп, екпе алып жатқандар қатарында қария жасындағы аға-апалар белсенділігі көңілге медет. Еңсе көтеріп, ертеңіміз үшін деп екпе алып жатқан ел ағаларының қатарында Сабырхан Байдалиев те бар.

Ол аудан орталығында екпенің алғашқы компонентін алған 30-шы тұрғын ретінде әкімдік тарапынан арнайы сыйлыққа ие болды. Ауылдық жерлерде 10-шы болып екпе қабылдаған жандарға осындай сыйлықтар үлестірілуде. Көпті ортақ мүддеге жұмылдырып, аудандағы ахуалды тұрақтандыруға тұрғындарды тартудың бұл бір тәсілі. Әрі еріктілерге ерекше құрметтің де рәуіші деп білген жөн мұны.
– Шыны керек, қазір елдің арасында түрлі әңгіме, алып-қашпа әңгімелер жүр. Бүгін мен барлығын ысырып, вакцина алуға бел будым, бұл ерлік емес, ертеңіміз үшін айналамыздың саулығы үшін қажетті қадам деп есептеймін. Бұл шараға үрке қарап, үрейленуге негіз жоқ. Барлығына да уақыт емші. Былтырғы жағдай барлығымызға сабақ болды, оны ойлаудың өзі қорқынышты. Сондықтан уақыт оздырмай екпе қабылдауды жөн көрдім. Дәрігерлер жағдайым дықалыпты дейді, әкімдік тарапынан алғыс білдіріп, сый көрсетіп жатқандарына рахмет, – дейді аудандық электр жүйелері мекемесінің байырғы қызметкері.
Айта кетуіміз керек, аудан бойынша 18 жастан асқан 32 400-ден астам азамат ерікті түрде вакцина алуға жататынын ескерсек, бүгінгі күні 9000-нан астам тұрғын вакцинаның 1-ші компонентін қабылдады. Бұл вакцина қабылдауға тиіс азаматтардың небәрі 28-30 процентіне тең екен. Медициналық ұйымдарында вакцинациялау жұмыстары сенбі, жексенбі күндеріне қарамастан қарқынды жүргізілуде. Демек алдағы кезеңдерде вакцинациялауға жататын тұрғындардың 75-80 проценті ерікті түрде екпе қабылдаған жағдайда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, қалыпты өмір салтына оралып, каранитиндік шектеулер жеңілдей бастайды. Бұл жөнінде аудан халқына Үндеу жолдаған Руслан
– Кезінде шешек ауруы белең алғанда әлем халқының 98 процентіне вакцина егу арқылы дертті тоқтатқан екен. Міне, осы жағдай бізге бүгін де қажет. Статистикалық мәлімет бойынша, Жаңақорған ауданында 84 мың 700 тұрғын бар. Оның ішінде 18 жастан жоғары 50 мыңға тарта азамат барын ескерсек, осы ортада ұжымдық иммунитет қалыптастыруға кемінде 32 мың 400 дана вакцина егілуі керек екен. Бұл талап орындалмай қай шараға да шектеу болатынын баса айтқым келеді. Вакцина егудің бүгінгі көрсеткіші көңіл көншітпейді. Екпе алуға тиісті жалпы халықтың 28 проценті ғана егу процедурасынан өтті. Мұндай сылбыр әрекетімізбен мүмкіндігімізді қапы қалдырып, қауқарсыздыққа ұрынсақ уақыт қателігімізді кешірмейді.
Ал, әлемдік тәжірибеге зер салсақ, халқының 75 проценті вакцинаның бірінші мөлшерін алған өңірлерде шектеулерді толықтай алу алгоритмін бекіту мәселесі қарастырылуда. Мен ауданда алғашқылардың бірі болып вакцина салдырдым. Қазір өзіме сенімдімін. Денсаулығым жақсы, ешқандай ауырсынуды сезінбеймін. Мұндай мүмкіндікті сіз де, басқа да жасай алады, тек бізге ынта-ықылас жетпей жатыр, – деп айтқан жүрекжарды пікірі ешкімді бей-жай қалдырмаса керек.
Аудан басшысы мына мәселені ескерте кетті. 1 қыркүйек – жаңа оқу жылы офлайн бойынша сабақ жүргізілетін болады. Осыған орай 18 жасқа толған колледж, университет студенттері тиісті доза вакцинасын ектірмейінше толыққанды оқу процесіне қатыса алмайды. Бұдан түйгеніміз, кәмелетке толған жастар да жан-жақты ойлануы керек. Барлығы уақыт еншісінде, біздің мақсат жаппай, бірақ ерікті түрде екпені қабылдау. Екіншіден, қазір ауданға «Ashyq» жобасы енгізілуде, соңғы мәліметтерге қарағанда онға жуық нысан осы жоба арқылы жұмыс жасауда. Бұл жөнінде аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы Шынар Айдарова түсіндіріп берді:
– Бұл жобаның Жаңақорғанға келгені көңіл қуантады, өйткені, аудандағы індет жұқтыру деңгейін азайтудың ең тиімді жолы осы. Көпшілік көп шоғырланатын орындарға сары және қызыл түс, яғни індет жұқтырғандар немесе олармен байланыста болғандарды кіргізбей, оқшаулау арқылы вирусты жоя аламыз. Ең бастысы, індетті тасымалдаушылардың санын азайтып, аурудың алдын аламыз, – дейді ол.
Еске салайық, Қазақстанда вакцинация паспорты коронавирусқа қарсы екпенің екі компонентін алғандарға ғана беріледі. Қазақстанның вакцина паспорты әзірге үш елге турист ретінде кіруге жарамды екен. Олар – Маңғолия, Тайланд және Венгрия. Ұлт үшін маңыздысы, екпені ертерек алып, қалыпты жағдайға оралу.
Әлібек Жарықбаев
20 маусым 2021 ж. 587 0