№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакциналау: үгіт-насихат жұмыстары қалай?

Вакциналау: үгіт-насихат жұмыстары қалай?


Өткен аптада әлемде 600 мың адам коронавирус жұқтырып, 24 мыңға жуығы көз жұмды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл эпидемиологиялық ахуалдың нашарлап бара жатқаны жөнінде дабыл қақты. Әрине оның басты себебі вирустың тез таралып жатқан жаңа штамдары. Мұның бір ғана емі – вакцина салдыру екенін ғалымдар бекітіп, мемлекет қолдау білдірді. Бүгінде әлемде вакциналауды тиімді әрі тез жүргізген елдер көп. Ол жөнінде газеттің келесі нөмірінде арнайы тоқталамын. Әзірге біздегі үгіт-насихат жұмыстары қалай жүргізілуде? Соған басымдық берсем...


Аудан бойынша ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығы қызметкерлері бірігіп, ерікті түрде адамдар көп жүретін ірі сауда орталықтары мен базар маңында, халыққа қызмет көрсету орталығында вакциналауға қатысты үгіт-насихат парақшаларын таратып, вакциналаудың маңызын түсіндіріп жүр.
– Кенттегі «Заңғар», «Береке», «Ғани», сауда үйі мен «Нұр», «Нұрасыл» базары маңындағы тұрғындарға вакциналау жөнінде үгіт-насихаттаудамыз. Кент орталығындағы LED экраннан бейнесюжеттер көрсетілуде. Әрине, вакциналаудың маңызын түсініп, өзінің және жақындарының қауіпсіздігі үшін екпе ектіріп жатқан тұрғындар бар. Бірақ тым аз. Қазір әлемде коронавирус індеті қайта өршіді. Нақты деректерге қарасақ, оның негізгі себебі вирустың мутацияланған жаңа штамдары болып отыр. Оған қоса, азаматтарымыз сақтық шараларына салғырт қарай бастады. Осыған орай көпшілік орындарға барып ақпараттық парақшалар таратып, екпе жайлы ақпарат беру жоғары деңгейде жүруде, – деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Екпені салдыруға жастардың дені дұрыс көзқарас танытуда. Кейбір егде жастағы кісілер жасының 69-дан асып кеткеніне қарамастан салдыруға ынталы. Оларға бағытты дұрыс беруді жастар қолға алыпты.
– Осы арқылы халықты екпе жайлы көбірек сауаттандырып, вакцина салдыруға ынталандырғымыз келді. Вакциналаудан өте отырып біз тек өзімізді емес, отбасымызды, жақындарымызды және айналадағы адамдарды да коронавирустан қорғауға көмектесеміз, – деді Жаңақорған жастар ресурстық орталығының директоры Наурызбай Орынбасар.
Алдағы уақытта қоғамдық жерлерде ақпараттық буклеттер таратып, насихат жұмысы жалғаса береді.
Біз ауданның бас инфекционисті Алма Төреқожаеваға жолығып, вакцина жайлы толық мәлімет беруін сұрадық:
– Тұрғындарға вакцинаның үш түрі салынып жатыр. Бұл мутацияға ұшырап жатқан вирусқа қарсы тиімді нәтиже беруде. Десекте, екпе жақсы нәтиже беру үшін халықтың басым бөлігі егілу керек. Егер жеткілікті түрде доза салынбаса ауруды жеңу қиын болады. Адамдар қаншалықты жылдам вакцина салдырса, соғұрлым тезірек ұжымдық иммунитет қалыптасады. Сондықтан вакцина салдыру коронавируспен күресте өте маңызды болып отыр, – деді ол.
Бүгінде әрбір тұрғын саналы түрде вакцина салдыруға тиіс. Оны аудандық емханаға барғанда көз жеткіздік. Кезекте тұрған азаматтар мен екпені салдырып, дәрігердің бақылауында отырған азаматтардың көңіл-күйі қалыпты.
Түйіндей келе, коронавируспен күрестегі басты қарулардың бірі вакцина. Халыққа екпе салу жағынан біз әлемдік рейтингте жақсы орындардың біріндеміз. Соның арқасында болашақта ұжымдық иммунитет қалыптасқан елдердің қатарынан көрінуге мүдделіміз.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
17 мамыр 2021 ж. 623 0