Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ – ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЕРІКТІ ТҮРДЕ ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ

ІНДЕТТІҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖОЛЫ – ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ, ЕРІКТІ ТҮРДЕ ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАУ

Эпид ахуалға қатысты мемлекеттік комиссиямен қабылданған шаралар ресми орындар арқылы ақпараттандырылуда. Вакцинациялаудың маңыздылығы жайлы «Фейсбук» әлеуметтік желісінде 50-ден астам постерлер, бейнероликтер, инфографикалар жарияланды. Whatsapp мессенджеріндегі белсенді чаттарда, елдімекендердегі клуб үйлерінде, мешіттердің дыбыс күшейткіш құралдары арқылы аудио үндеулер тұрақты беріліп отырды.Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатындағы ерікті вакцинациялау жұмыстарын аудан әкімі Руслан Рүстемұлы жіті бақылауына алып, «Фейсбук» желісі арқылы вакцинацияның маңыздылығы жайлы өз ұстанымымен тұрақты бөлісуде.

Жыл басында барлық кент, ауылдық округтерде ауыл жастарының арнайы парақшалары ашылып, жазылушылар (оқырмандар) қатары қалыптасуда. Оның ішінде Жаңақорған, Шалқия кенттері, Жайылма, Қыркеңсе, Төменарық, Байкенже, Ақүйік, Манап, Талап, Қандөз, Аққорған, Көктөбе, Кейден, Келінтөбе, Сунақата, Қаратөбе, Жаманбай батыр, Қыраш, барлығы 18 ауылдың жастар парақшалары эпидемиологиялық ахуалға қатысты ресми ақпараттарды жеткізуде белсенділік танытып келеді. Ал қалған ауылдық округ әкімдері мен ауыл жастары парақшаларында вакцинацияның маңыздылығы жайлы үгіт-насихат жұмыстары мен ақпараттандыру мәселелері төмен екендігін көрсетуде.Айта кетуіміз керек, аудан бойынша 32 400-ден астам (18 жастан асқан) азамат ерікті түрде вакцина алуға жататынын ескерсек, бүгінгі күні аудан бойынша 9000-нан астам тұрғын вакцинаның 1-ші компонентін қабылдады. Бұл вакцина қабылдауға жататын азаматтардың небәрі 28-30%-ына тең екен. Яғни, ерікті, саналы түрде өз қауіпсіздігіміз үшін вакцина салуға асығайық.Медициналық ұйымдарында вакцинация жұмыстары сенбі, жексенбі күндеріне қарамастан қарқынды жүргізілуде. Демек алдағы кезеңдерде вакцинациялауға жататын тұрғындардың 75-80%-ы ерікті түрде екпе қабылдаған жағдайда эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, қалыпты өмір салтына оралып, каранитиндік шектеулер жеңілдей бастайды.Сондықтан, ел арасында тарап жүрген вакцинаға байланысты қисынсыз, негізсіз әңгімелерден аулақ болып, тек ресми органдардың ақпаратына құлақ түргеніміз абзал.


16 маусым 2021 ж. 538 0