№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТТА КӨШ БАСЫНДАМЫЗ

КӘСІПКЕРЛІК БАҒЫТТА КӨШ БАСЫНДАМЫЗ

  Аймақтағы бағдарлы жұмыстар көрсеткіші – жергілікті жердегі кәсіпкерлердің санымен, өндірістің дамуымен бағаланатынын ескерсек, кәсіпкерлікті демеуге ден қойған Сыр өңірі республикада көш басында келеді. Расында, орталық биліктің күш-қуаты аймақтарда. Облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы артса елдің де еңсесі тіктеліп, бәсекеге қабілеттілігі жоғарылай түседі. Міне, соның айқын көрінісі – 2018 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша Қызылорда облысы бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп танылды. Елбасынан алынған мұндай жоғары бағаның артында өңір басшысының уақытпен санаспай жасаған өлшеусіз еңбегі жатыр.

  Өздеріңізге белгілі, Тұңғыш Президент жыл сайынғы Жолдауында жергілікті жер­лерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамы­тып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударып келді. Нәтижелі іске көшкен аймақ басшысы Қ.Елеуұлы облыста кәсіпкерлік саласын дамытуды сөз күйінде қалдырмай іспен дәлелдеді. Соның бір айғағы биылғы жылдың облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланғаны.
Бұл бағытта Жаңақорған ауданы өзіндік даму жолын тауып, Сыр өңірі аудандары арасында кәсіпкерлік саласы бойынша көш бастап келді. Яғни, бұдан тұрақты дамудың тиімді жолын көруге болады. Ендігі кезекте, статистиканы сөйлетсек.
Біріншіден, 2019 жылдың 1 қаңтарында тіркелген кәсіпкерлер 3952-ға жетіп, 2017 жылмен салыстырғанда 115,8 процентке артқан. Бұл – ауданымыздың Сыр өңірінде шағын және орта бизнес құрылымдарының сандық және сапалық даму деңгейі (бел­сенді кәсіпкерлер) жөнінде алдыңғы сапта екенін көрсетеді. Өзге аудандармен салыс­тырмалы қарасақ, Жаңақорған ауда­нында бір жылда жаңадан ашылған кәсіп­керлік субъектісі 845-ке жетсе, екінші орындағы ауданда 788-ні құрайды. Мұның бәрі әкімнің кәсіпкерлік саласының дамуына ерек­ше жағдай жасауының нәтижесінен. Яғни, апта сайын кәсіпкерлікпен айна­лысуға ниетті азаматтарды жеке қабылдап, ұсыныс-пікірін мұқият тыңдап, қолдаудың нақты шараларын көрсетуі оң әсерін берді. Мәселен, 2018 жылы аудандағы кәсіпкерлер 296 жобаға 2 млрд. теңге жеңілдетілген пайызбен қаржы алса, 19 жобаға 21 млн. 127 мың теңге қайтарымсыз қаржы және 2 үлкен жобаға 461 млн. теңге жеңілдетілген пайызбен несие алды. Осыдан-ақ, Жаңақорған ауданының кәсіпкерлік саласындағы әлеуетін бағамдауға болатындай.


Әбдісамат ӘБДІШ.

14 мамыр 2019 ж. 1 356 0