№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Парыз-2019» конкурсына қатысыңыздар!

«Парыз-2019» конкурсына қатысыңыздар!

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылдың 23 қаңтардағы «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі Парыз» конкурсы туралы №523 Жарлығы сәйкес Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде «Парыз-2019» конкурсының ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті.

Конкурстың негізгі мақсаты қазақс­тандықтардың әл-қуатын жақсарту мен еліміздің өркендеуіне қосқан бизнес-құрылымының үлесін,бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін елімізде жария ету.Аудан бойынша «Парыз» конкурсына жылма-жыл қатысуды ұйымдастыру жолға қойылған.
Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі және оған жеке кәсіпкерлік субъектісі қатыса алады.Конкурс лауреаттарының атақтары шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі,ірі кәсіпкерлік субъектісі санаттары және мынадай номинациялар бойынша беріледі: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық келісім шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациялары бойынша өтеді.
Конкурс жөнінде толық ақпаратты ауданның жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі 23-2-70, 79-1-37 байланыс телефондары арқылы және Министрліктің www.pariz.kz және www.enbek.gov.kz сайттары немесе 8/7172/74-35-11 телефоны арқылы алуға болады.

Аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар
және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі.
19 маусым 2019 ж. 1 132 0