№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

№29 (8740) 13

13 сәуір 2024 ж.

№28 (8739) 9

09 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорған кәсіпкерлік саласын қалай дамытуда?

Жаңақорған кәсіпкерлік саласын қалай дамытуда?

Брифинг барысында Жаңақорған ауданының әкімі кәсіпкерлік саласындағы жетістіктерге тоқталды.

– 2020 жылдың 1 қаңтарында кәсіпкерлік саласы бойынша 4677 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 1 қазанға 5216-ге жетті. Оның 4978-і белсенді кәсіпкерлік нысанын құрайды. Мұнда жұмыспен қамтылғандар саны – 7300 адамға жетіп, (2019 жылы 5552 адам) 9 млрд. 941 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстыру бойынша кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі артып, аудан бойынша экономикалық белсенді халық санына шаққанда тіркелген кәсіпкерлер үлесі 14,7 пайызды құрады, – деді аудан әкімі.
Бұл көрсеткіш жоғары емес. Бірақ тұрғындар арасында жеке бизнестің тиімділігін түсініп, кәсіпкерлік пен айналысуға ниеттілер саны күн санап артып келеді. Оны түрлі мемлекеттік бағдармаларға қатысушылар санының артуынан көруге болады.
Жалпы Жаңақорған ауданында бүгінгі таңға барлық қаржы көздерінен 743 жобаға 1 млрд 367 млн.теңгенің қаржысы тартылды.
Осы орайда, бір айта кететін жәйт, аталған бағдарламалардың қаржысын алу көрсеткішімен біз облыста алдыңғы қатарда келеміз. Демек, бизнес жобаларды нақты жүзеге асуы өз жемісін көрсетуде.
27 қазан 2020 ж. 728 0