№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алтынсарин көшесі кентке көрік береді

Алтынсарин көшесі кентке көрік береді

Аудан басшысы Руслан Рүстемов кент және ауылдық округ тұрғындарымен бес рет кездесіп, мәселелерді анықтап, рет-ретімен шешуге уәде берген-ді. Айтылған сөз – атылған оқ. Сөз қадірін терең түсінетін әкім халықтың қажеттілігін шешуде істің сапасын бақылауды ұмыт қалдырған емес. Алтынсарин көшесіне арнайы барғанда осыны ойға тоқыдық.

Биыл Жаңақорған ауданында кентішілік, ауылішілік жолдарды орташа жөндеуде ре­кордтық деңгейге жетті. Оның дәлелі, Тәуел­сіздіктің 30 жылдығында кент және ауылдық ок­ругтерде 40 көшеге асфальт төселеді. Атап айтқанда, Жаңақорған кентінде – 7, Төменарықта – 8 көше орташа жөндеуден өте­­ді. Мұндай қаржыға Қожакентте – 5, Жаманбай батырда – 3, Байгенже, Манап және Қожамбердіде – 2 көше жөндеуден өте­ді. М.Нәлібаев, Сүттіқұдық, Талап, Кейден, Өзгент, Сунақата, Келінтөбе, Қандөз, Көктөбе және Шалқия кентінде бір-бір көше орташа жөндеуден өтеді.
Жаңақорған кентіндегі 7 көшенің бірі – Ы.Алтынсарин аумағы еді. Ондағы көп­қабатты тұрғын үйлер арасы, яғни Шоқы­баев, Ғ.Мұхаметжанов көшесінің 2 шақы­рымын орташа жөндеу жұмысына аудандық бюджеттен 58 165,0 мың теңге қаржы бөлініп, «Мемлекеттік сатып алу» Заңының ашық кон­курсының нәтижесінде «Ақсу Проект­Строй» ЖШС 39 816,0 мың жеңімпаз атанды. «Тех­ника­лық қадағалаушы – «ИК «ДОБРО» ЖШС. Қазір жөндеу жұмыстары басталып, осы жыл­дың шілде айының екінші онкүндігінде аяқталу жоспарлануда.

Кент әкімі Сардармұхамедуәлі Садықов, авторлық қадағалаушы Мұхит Мамуов пен мердігер компанияның жауапты мамандары іс басына келді. Алдымен аудан басшысы сапаға тоқталды.
– Асфальт төсемей тұрып, оның сапасын тексеретін қаражатын қойдық. Егжей-тегжейлі қадағалап, сапасын тексеруіміз керек. Егер ертең ұлттық сапаның сараптамасынан өтпей қалса, онда қаражат төлемейміз. Сондықтан сапалы жұмыс жасаңыздар, бұл 30 жыл елдің тілеуі болған жолдардың бірі. Ертеңгі күні елге ұялмай қарауымыз керек, сіздермен ренжісіп қалмайық. Жігіттер, тағы да айтамын бізге керегі тек сапалы жол, – деп нақты талабын жеткізді.
Айта кетейік, инфрақұрылымды жақсарту, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру бағытында тек аудандық бюджеттен елді мекендердегі көшелерді орташа жөндеуге 520 млн 298 мың теңге қаржы бөлінді. Жалпы кент және ауылдық округтердегі 40 көшеге асфальт төселеді. Ауылдық округтер іске кірісті, енді аудан орталығындағы көшелерге кезек келді.
Бұл аумаққа биыл көп жұмыс жаса­латынын білеміз, нақты меже мен жоспар бар. Асфальттан бөлек, көше жарығы, абаттандыру сынды жұмыстар жүргізіледі. Бұл жөнінде де Руслан Рүстемұлы тоқтала кетті.
– Биыл Алтынсарин аумағына 78 млн теңге қар­жы бөлуді жоспарладық. Ол қаржыға жол, жарық, балалар ойын алаңы мен Сыр беткейдегі ауылдардан кентке кіре беріске қақпа орнату, көрнекі-ақпараттық тұғырлары қойылады. Бұл жұмыстардың жоба-сметалық құжаты дайындалуда. 5 шақырым жолды жарықтандырудың құжаты дайын болып, қаржысы ертерек шешілсе, биылдан қалмай орнатуға әзірміз, – деді.
Жаңақорған кенті Сырдария өзенінен Ы.Алтынсарин – А.Иманов көшелерінің қиы­лысы аралығындағы абаттандыру жұмыс­тарына тоқталсақ.
– Абаттандыру үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша тиісті жұмыстарға жоба-сметалық құжат әзірлеуге, сараптамадан өткізуге бюджеттік өтінім ұсынылды. Бұл жұмыстардың барлығына – 69 млн 202,5 мың теңге қаржы қажет. Екінші кезеңде жобалар жүзеге асады. Үшінші кезең бойынша да атқарылар шаруа шаш етектен. Оның ішінде, Ы.Алтынсарин көшесіне орындықтар мен урналар орнату, аялдамалар салу; тротуар мен көшелерге жарықшамдар орнату жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, көшеге тал егу және аяқ су жеткізу, Ы.Алтынсарин көшесінің бас жағындағы бағдаршам қасына МАФ салу да негізгі жоспарда, – деді кент әкімі.
Тұрғындардың әлеуетін көтеру мақса­тында кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыс­тардың басы басталды. Енді жұмыстың жүйелі болуы маңызды, бұл іске жергілікті халық та мүмкіндігінше белсенді болып, сапалы болуын қадағалау тиіс. Әрине, әкімдік пен жауапты сала мамандары істі үнемі бақылауда ұстайтыны белігілі, десе де бұқараның да бұл іске бірлескені жөн. Аудан әкімі осы аумақта тұратын тұрғындарды да жинап, осы мәселені түсіндіре кетті. Әйтпесе, бақылау, қадағалаусыз жұмыстың оңалары шамалы. Қалай десек те, білек түрілді, жұмыс жүрілді. Енді елдің тілеуі ертелеу орындалса, Алтынсарин аумағы ажарлана түседі.
15 маусым 2021 ж. 434 0