№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2021 жыл: қандай халықшыл жобалар бар?

2021 жыл: қандай халықшыл жобалар бар?

Әне-міне дегенінше 2021 жылдың бесінші айы артта қалады. Жылдың табысты болуы жүйелі жоспар мен қомақты қаржы тартудан көрінеді. Мұндай белестің биігі дәл осы айда көрінеді. Өйткені дәл қазір нақты жобаларды таразылап, халықтың игілігіне айналдыру жағы әбден пысықталды. Аудан әкімінің орынбасары Ерділла Сұлтанбековтен осы бағыттағы бастамаларды білдік.

Әрине, аудан дамуының бағыт-бағдарын, әлеуметтік жобалардың мән-маңызын аудан әкімі анықтап, қаржыны сол бағытқа бағыттайды. Руслан Рүстемовтің осындай халықшыл істеріне халық куә. Ал, бастамалар байыпты әрі сапалы орындалуы кадрлардың қабілет-қарымына тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда Ерділла Нұртазаұлы мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе жинап, шыңдалған, білімді, білікті маман. Оны сұхбат барысында аңғардық.
Елдің әлеуметтік әлеуеті артқан сайын жаңа сұраныстар, талап-мүдделер туындайтыны анық. Кейінгі кездері ауыл тұрғындары ауылішілік жолдарды асфальттау, электр жарығын жөндеу, жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізу, канал қазу мәселесі мен жайылымдық жерлерді шешу және т.б сұрайды. Әсіресе, маусымдық кезеңде егінге аяқ су ауадай қажет, осы мәселе кезек күттірмейтіні анық.
– ПУИД-3 жобасын енгізуге құжаты әзірленіп, республикалық және облыстық меншікке өтпей қалған 93 каналды тазарту, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 4 каналды тазалауға 69 млн 168 мың теңге қаржы бөлінді. Көктемгі су алу жұмыстарына сәйкес, аудан бойынша су шаруашылығы нысандарын дайындау жоспарланып, жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілуде. Қаратөбе ауылдық округінде Сумағар магистралды каналынан КМК-на құятын Р-5-3 каналы бойынан ұзындығы 4 шақырымдық каналға тазалау және реконструкциялау жұмыстарына 27 569,0 мың теңге қаралуда, – деді Ерділла Нұртазаұлы.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы жалпы құны – 76 млн 777 мың теңгені құрайтын 8 дана «СНП-500/10» дизельді насос қондырғысын сатып алып, орнату жоспарлауда. Сондай-ақ, аталмыш басқарма арқылы облыстық бюджеттен Аққорған ауылдық округіне қарасты «Р-16-3» каналына 54,2 млн теңге және Қожамберді ауылдық округіндегі «М-2» каналына 96,6 млн теңге бөлініп, жыл аяғынан дейін тазаланады.
Халықтың әлеуеметтік инфрақұрылымға қолжетімділігін жақсарту мақсатында тек аудандық бюджеттен елді мекендердегі көшелерді орташа жөндеуге 520 млн 298 мың теңге қаржы бөлінді. Жалпы кент және ауылдық округтердегі 40 көшеге асфальт төселеді. Атап айтқанда, Жаңақорған кентінде – 7, Төменарықта – 8, Қожакентте – 5, Жаманбай батырда – 3, Байкенже, Манап және Қожамбердіде – 2, Машбек Нәлібаев, Сүттіқұдық, Талап, Кейден, Шалқия кенті, Аққорған, Жаңарық, Қаратөбе, Өзгент, Сунақата, Келінтөбе, Көктөбе, Қандөз ауылдық округінде бір-бір көше орташа жөндеуден өтеді. Бұл – Тәуелсіздік жылдары аудан көлемінде жол құрылысына салынған ең ауқымды қаржы болмақ. 2021 жылы 8 елді мекенге көше жарығын орнатуға және халықты тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету үшін трансформаторлар алуға қаржы бөлінді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда берген тапсырмасына сәйкес бұқаралық спортты дамыту үшін елді мекендерде 10 шағын спорт алаңына тренажерлық қондырғылар орнатылды. Маусым айында болатын аудандық бюджетті нақтылау барысында 3 елді мекенге (Өзгент, Сунақата, М.Нәлібаев) тренаржерлық алаң орнатуға қаржы бөлу жоспарланды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Өзгент ауылындағы клуб құрылысын салуды бастауға 25,0 млн. теңге бөлінді. «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасымен салынып жатқан Шалқия кентіндегі 150 орындық ауылдық клуб үйі үстіміздегі жылдың мамыр-маусым айында пайдалануға беріледі деп меже қойылды, – деді аудан әкімінің орынбасары.
29 мамыр 2021 ж. 966 0