Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Ел тілеуі – сапалы жол

Ел тілеуі – сапалы жол

Төл газеттің №42 (8443) нөмірінде 2021 жылы атқарылатын бастамалар жөнінде саралаған едік. Мақалада аудандық бюджеттен елді мекен­дердегі көшені орташа жөндеуге 520 миллион 298 мың теңге бағытталғанын жаздық. Одан бөлек республикалық, облыстық бюджеттен жол құрылысына қаржы қаралды. Аудан әкімі істің адамы. Бір тынбайды. Ондағысы – қомақты қаржы тиімді жұмсалып, істің сапалы жүргізілуіне ықпал ету. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» авто жолынан Жайылма ауылдық округіне баратын күре жолдың сапасын саралауының
мәні сонда.




Иә, «Ауыл – ел бесігі», «Жұмыспен қамту 2020-2021 Жол картасы» бағдарламасы аясында салынатын жолдардың басым бөлігі іске кірісті. Алайда оған бақылау керек. Әсіресе, ауылдық округке баратын жолдың сапасы маңызды.
Аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Жайылма» автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуші мердігер – «Қыран» ЖШС. Жол өткен жылы басталып, 4 шақырымына асфальт төсеген-ді. Жоба өтпелі болып, қалған 3 шақырымы биыл жөнделеді. Жұмыс барысын құрылыс мекемесінің бөлімше басшысы Нұрқасым Орманов таныстырды.
– Өздеріңіз көріп тұрғандай, жол құрылысы график бойынша атқарылуда. Қазіргі уақытта ескі афальтты және жаңа ГПС-ты төсеу жұмыстары аяқталып, асфальт төсеу жұмыстары басталды. Жолды сапалы жүргіземіз, – деді.
– Жігіттер, барлығы түсінікті, қандай мәселе туындауда? – деді аудан басшысы.
– Біз жолды сапалы төсейміз. Бірақ Қаратау тауындағы қиыршық тас карьеріне баратын ауыр техникалық көліктер жолдың сапасына әсер етеді. Ең болмаса, асфальтпен бірнеше ай жүрмей, айналмалы жолдармен жүрсе, – деп уәжін білдірді.
Аудан әкімі мән-жайды түсінген соң, ауыл әкіміне карьер жұмысын уақытша тоқтата тұруды тапсырды.
– Жалпы, сіздердің жұмыстарыңызды білеміз. Аймаққа танылып, қаншама жолдың сапалы жөнделуіне, асфальт төсеуде атқарған қызметтеріңізге қанықпыз. Біздің талап – сапалы жол. Ертең елдің алдында еңсеміз тік болуы тиіс, сондықтан сенімді ақтаңыздар. Жауапкершілік пен міндет үдесінен шығып, межелі жұмыс атқарады деген сенімдемін, – деп аудан басшысы нақты талап қойып, ауыл әкімі Әліби Бөкеевке қоғамдастық тарапынан жұмыс барысын бақылауды тапсырды. Өйткені жайылмалықтар бұл жолды қаншама жылдар күтті.
Айта кететіні, Сыр өңірі бойынша Жаңақорған ауданының жолдары сапасы жөнінде көш ілгері. Тек Аққұм елді мекеніне баратын жолды орташа жөндеу керек. Бұл мәселенің де шешімі тарқар уақыт жақын. Биыл Жаңақорған кентінде – 7, Төменарықта – 8 көше орташа жөндеуден өтеді. Мұндай қаржыға Қожакентте – 5, Жаманбай батырда – 3, Байгенже, Манап және Қожамбердіде – 2 көше жөндеуден өтеді. М.Нәлібаев, Сүттіқұдық, Талап, Кейден, Өзгент, Сунақата, Келінтөбе, Қандөз, Көктөбе және Шалқия кентінде бір-бір көше орташа жөндеуден өтеді.
Бұл – Тәуелсіздік жылдары аудан көлемінде жол құрылысына салынған ең ауқымды қаржы болмақ. Ең бастысы, ауыл келбеті көркейіп, иинфрақұрылым дамып келеді, ендігі елдің тілеуі бір, ол – сапалы жол.


Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
---
01 маусым 2021 ж. 541 0