№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халық қалаулылары халықпен жүздесті

Халық қалаулылары халықпен жүздесті


Халық сенімі – биік мәртебе. Ал жауапкершілік жүгі зілбатпан. Осы ретте, сенімді қалыптастыру жолы қандай, жүкті жеңілдетуге бола ма деген сауал туындайтыны анық. Әрине, оның жолы біреу, ол – халыққа жақын болу, істі ашық әрі жариялы жүргізу. VІІ шақырылымдағы аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков осыны бағамдап, елді мекен тұрғындарымен жүздесуге асықты. Алдымен Төменарық аймағын бағытқа алды.

Делегация құрамында аудандық мәслихаттың депутаттары Мәжит Балқожаев, Сермұхаммед Оразгелдиев, Нұрлат Байгенже, Жанат Жүсіпова болды. Олар алдымен Жайылма ауылдық округіне тоқтады.
Кездесу барысында депутаттар «Nur Otan» партиясының бесжылдық сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды ортаға салып, елді мекендердегі негізгі мәселелерді талқылап, шешілу жолдарын сөз етті.
Елді мекендердің мәселесі ортақ – ауыз суды шешу, газдандыруды жүргізу, электр жарығын жаңарту, көше жарығын орнату, жайылымдық жерлерді реттеу, ауылішілік жолдарды жөндеу, жаяу жүргінші жолын салу және т.б. Ал бірінші нөмірлі мәселе – интернет желісінің жылдамдығын жоғарылату екені белгілі болды.
Одан бөлек, депутаттар Жайылмада клуб үйі, Төменарықта аурухана салу маңызды екенін білді. Ал, қожамберділіктер жайылымдық жер мәселесін алға тартты. Сунақата ауылдық округінің тұрғындары әкімдіктің ғимаратын салуды, екпінділіктер клуб үйіне қажеттілік бар екенін (ауылда клуб үйі жоқ) айтты.
Мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы:
– Елді мекендегі негізгі мәселелерді анықтап, алдағы уақытта аудандық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып нақты шешімдер шығарамыз. Біздің аралап жүрген мақсатымыз да осы, – деді.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев: «Бас партияның бесжылдық сайлауалды бағдарламасында елдің әлеуетін арттыратын бастамалар қамтылды. Оның ішінде, медициналық нысандар мен мектептер салу, аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдарға орташа жөндеу, электр желілерін жаңарту және т.б қаралып отыр. Бағдарлама енген жобалар міндетті түрде жүзеге асады», – деді.
Кездесу барысында белгілі болғанындай, Жайылма ауылдық округіне аса қажетті «Жиделі» су қоймасы жөнделді. Биыл Сүттіқұдық ауылдық округінде 1000 га жерді суландырып, ауыл азаматтарын егін шаруашылығына тарту және ауылға аяқ су тарту жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ, Төменарықтың көшелері жөнделеді, Екпінді ауылдық округіне баратын көпір күрделі жөндеуден өткізіліп, К3 қашыртқысының 4 шақырымы қазылатын болады.
Депутаттардың сөзінше, тұрғындардың сұрағы тиісті жерлерде көтеріліп, шешілу жолдары қарыстырылады, әрі алдағы уақытта ұсыныс-пікірлерге нақты жауап беретін болады.

***
Араға бір күн салып, мәслихат хатшысы бастаған делегация қыр беткейдегі ауылдық округтерге бағыт алды. Делегация құрамында «Ауыл» партиясынан аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланған Бағлан Ерімов және «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының құрамы енген Нұрлат Байгенже, Жанат Жүсіпова ауыл тұрғындарымен кездесті.
Мәслихат хатшысы Ғалымжан Жарқынбекұлы:
– Біздің елді мекендерді аралап жүруіміздің бір-ақ мақсаты бар. Ол – елдің тыныс-тіршілігін, хал-ахуалын білу, негізгі мәселелерді саралап, шешілу жолдарын айқындау.
Әрине барлық мәселе бір күнде шешілмейді. Маңызына, өзектілігіне қарай жергілікті атқарушы органмен бірлесіп кезең-кезеңімен түйінін тарқататын боламыз, – деді.
2020 жылы Шалқия кентіне 700 млн теңгеден аса инвестиция құйылды. Оған клуб үйі бой көтерді және №86 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Ендігі меселе – Құттықожа мен Шалқияның арасын жалғайтын 2,3 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу. Ауыл тұрғындары осы мәселені алға тартты. Сондай-ақ орталық лас су жүретін құбырды реттеу маңызды болып тұр...
Манап ауылдық округінде ХХ ғасырдың 30 жылдары салынған тоған бар. 2 млн текше метр суды сыйдыруға қауқарлы. 2015 жылы Руслан Рүстемовтің ықпалымен тоғанды заңдастыру жұмыстары жүргізілген-ді. Қазір тоғанның бөгеті нығайтылды. Енді гидротехникалық құрылыс (шлюз) жүргізіп, суды өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұр. Екінші қажеттілік – Манап елді мекеніндегі Б.Қосаев және Талап бекетіндегі Ә.Жолдасбеков көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын істеуді ұсынды.
Талап ауылдық округінің тұрғындары бірінші кезекте ономастикалық мәселеге мән беруді сұрады. Ауылға қонаққа келетін адамдар Бесарық ауылдық округіне барып, елді мекенді тауып келуде қиындықтар бар. Осыған байланысты «Бесарық ауылдық округі, Бесарық бекеті» деп өзгертуге ықпал жасауды сұрады.
Екіншісі, Талап ауылдық округінің аумағында «УАД» ЖШС асфальт-бетон өндіретін зауыты орналасқан. Сондықтан уақытша болсын салықты жергілікті жерге төлесе. Бұл – ауылдық округтің бюджетіне қаржы түсіп, елді мекендегі қажеттіліктерге жарар еді, ал, үшіншісі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары істелсе дегенді алға тартты.
Жаманбай батыр ауылдық окру­гінің тұрғындары жаяу жүргіншілер жолын салу маңызды екенін ескертті. Себебі қарлы, жаңбырлы күндері ауыл адамдары көлікпен таласып асфальт жолмен жүреді. 1974 жылы салынған ауылдық аурухананы жаңарту және заманауи медициналық аппараттарға қажеттілік бар. Кеңес елді мекеніне клуб үйі сұранып тұр.
Клуб үйі мәселесі Қосүйіңкі ауылдық округінде де өзекті. Ондағы клуб үйі 1960 жылы салынған. Ауыл тұрғындары спорт кешенін салып беруді де сұрады.
Қыраш ауылдық округінде 5 көшенің ұзындығы 7 шақырымды құрайды. Оның 30 пайызы асфальттанған. Қалған көшелерге орташа жөндеу жүргізілсе деген ұсыныс айтылды.
Аудандағы елді мекендер арасында Ақүйік ауылдық округінде алғашқы болып газдандыру жүргізіледі. Көп жылдан бері балабақшаны көтеріп келген-ді. Бұл мәселе де шешімін таппақ. Ел болғаннан кейін уақыт талабына сай сұраныстар қалыптаса беретіні анық. Ауыл тұрғындары Ақүйік өзенін латоктаудың қажеттілігін атады. Яғни қалған 6 шақырымына көңіл бөлінсе дегенді ұсынды.
Жалпы ауыл тұрғындары елдегі тыныштығы мен амандығын тілеп отырғанын жеткізді. Әрине, уақыт өткен сайын жаңа сұраныс түрлері пайда болатыны ақиқат. Бұл мәселелерді Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов те жақсы біледі. Қазір қажеттіліктер рет-ретімен шешіліп келеді. Мәслихат депутаттары осы бағыттағы жұмыстарды да сөз етіп, әрі халықтың ықылас-тілегін білді.
– Коронавирус біздің осал жерлерімізді көрсетіп берді. Соның бастысы – интернет мәселесі. Ал биылғы қыс электр жүйесін жаңартудың маңызын түсіндіріп берді. Алдағы уақытта осы екі мәселені күн тәртібіне қойып, шешу жолын қарастыруымыз тиіс. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының саяси кеңес отырысына осы мәселелерді күн тәртібіне қойып, тиісті сала мамандарын қатыстырып, шешуді міндеттейтін боламыз, – деді мәслихат хатшысы.
Қос партиядан аудандық мәслихатқа сайланған депутаттардың міндеті – бұқара мен биліктің дәнекері болып, сапалы қызмет ету. Депутаттар елдік істе бірлесе қарекет ететіні де анық. Дегенмен аймақ-аймаққа жауапты депутаттарды да белгілі орынды іс. Мұны кездесу барысында тұрғындар да көтерген-ді.
Осы ескерген мәслихаттың аппараты VII шақырылым депутаттарын аудан аумағы бойынша бөліпті. Ол бойынша Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата, Абай, Б.Майлин, Н.Онғарбай, Қ.Сағырбаев, М.Ауезов, Сығанақ, Т.Бегелдинов, А.Молдағулова, А.Сулеймен көшесі мен МАИ бекеті аумағына Ғалымжан Сопбеков, сондай-ақ, С.Нарымбетов, Қорғантоғай, Б.Аралбаев, З.Мұсаханов, Женіс, А.Жанпейсов, К.Сейтпенбетов, Ә.Мажитов, Достық, Бостандық, Б.Бай­кен­жеев, Ш.Уалиханов, А.Асанов, Н.Илялетдинов, А.Шаухаманов, М.Му­са­ев, Н.Айдарбек көшесіне Жәу­дір Әбдікәрімова және К.Бай­дуйсен, Т.Тотаев, А.Фейзулдаев, Қ.Сағыр­баев, К.Аблаков, С.Кошкаров, Ордакент, Е.Конкабаев, С.Молдалиев, М.Есболғанов, С.Искендирев, У.Мадиев көшелері, Ипподром, Саяжай аумағына Баянбек Халжанов жауапты болды. Ал М.Көкенов, А.Иманов, Ж.Накипов, Қорған, Ы.Алтынсарин, Ақмешіт, Ызғар, М.Жаппаров, А.Пақырдинов, С.Кожанов көшесі мен Кейден ауылдық округіне Әлібек Нәлібаев, С.Сапарбеков, М.Жаппаров, Н.Әлшекей, Н.Түршеков, С.Кожанов, А.Пакырдинов, А.Шонабай көшесі мен Ынтымақ аймағы, Санатория, Жаңаауыл тұрғындарының талап-өтініші бойынша Әсемкүл Тілеубергенова жұмыс жасайды.
Сермұхамед Оразгелдиев Төменарық, Байкенже, Сүттіқұдық ауылдық округіне, Жанат Жүсіпова Жайылма аауылдық округі, Шалқия кенті, Құттықожа елді мекеніне, Жасұлан Амалбеков Қосүйеңкі, Қыраш, Ақүйік ауылдық округіне, Бағлан Ерімов Бесарық және Манап ауылдық округі, Талап бекетіне жауапты депутат ретінде қаралды. Сондай-ақ Мәжит Балқожаев Қандөз, Көктөбе, Қаратөбе аауылдық округіне, Мақсат Жүмәділов Келінтөбе ауылдық округіне, Мейрамбек Қабетенов Аққорған ауылдық округіне, Бакытжан Төлегенов Қожакент, Өзгент ауылдық округіне, Серік Мырзабаев М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе ауылдық округіне, Нұрлат Байгенже Сунақата, Екпінді, Қожамберді ауылдық округінің тұрғындарының өтініш-тілектерін қабылдап, жергілікті атқарушы органмен бірлесе шешілу жолдарын айқындап, жұмыс істейтін болады.
Депутаттар үшін халықтың сенімі қымбат. Яғни бұқараның үмітіне қылау түсірмеу, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде белсенділікті арттырып, кері байланыс орнату қажет-ақ. Ауылдық округтерді аралау барысында осыны бағдарлап, ойға тоқыдық.
01 ақпан 2021 ж. 546 0