№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 5-ші сессияның маңызы

5-ші сессияның маңызы


VІІ шақырымдағы аудандық мәслихаттың 5-ші сессиясында маңызды міндеттер қаралып, олардың шешілу жолдары сараланды. Әрине, биыл елді мекендердің инфрақұрылымын жетілдіру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Депутаттар атқарылатын жұмыстардың сапалы болуына ниеттестік білдіріп, күн тәртібіне кәсіпкерлікті дамыту және электр энергиясы желісін жаңарту бойынша жұмыстарды сұрады. Бұған аудан әкімінің қос орынбасары жауап берді.


Алдымен аудан әкімнің орынбасары Оңал Ержанов шағын және орта бизнес саласындағы қолдау шаралары мен өнеркәсіп, туризм бағытындағы жұмыстармен таныстырды.
– Кәсіпкерлік саласында тіркелген 5238 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. (Оның 277 заңды тұлға, 2468 шаруа қожалығы, 2493 жеке кәсіпкер.Экономикалық белсенді халық санына шаққанда тіркелген кәсіпкерлер үлесі 14,7 пайыз. (Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмасы кәсіпкерлердің үлесін республика көлемінде 30 пайызға жеткізу болса, облыста 16 пайызға орындалды). Ондағы белсенді субъектілер саны 4976 бірлік, яғни, тіркелген кәсіпкерлердің 95 пайызын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда белсенді кәсіпкерлік субьектілері 504 бірлікке артты (4472). Аталған салада 2020 жылы жұмыспен қамту деңгейі 7741 адамға жетіп, 23,5 млрд. теңгенің өнімдері өндірілді. Барлық қаржы институтынан 847 жобаға 1,9 млрд теңге қаржы тартылды, – деді Оңал Жанатұлы.
Биыл аудан кәсіпкерлері түрлі қаржы ұйымдары арқылы 970 млн. теңгенің 302 жобасын қорғайды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда об­лыстық филиалы арқылы құны 810 млн теңгені құрайтын 273 жоба, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 139 млн теңге болатын 16 жоба несие алуға ұсынылды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 3 жобаға 19,7 млн теңге несие берілді.
Әрине, кәсіпкерлік саласын дамыту өте маңызды. Себебі АҚШ, Жапония, Финляндия, Сингапур сынды елдер шағын және орта бизнесті дамыту арқылы өркениет көшінде көш бастады. Себебі шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделіп, мемлекетті бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды.
«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрғасының бірінші орын­басары, мәслихат депутаты Мәжит Балқожаев кәсіпкерлікті дамытуда көлеңкелі бизнестің көлемін қысқарту маңызды екенін атап, осы бағытта жүйелі жұмыстыр жүргізуді ұсынды.
Одан кейін мінбеге аудан әкімінің орынбасары Ерділла Сұлтанбеков көтеріліп, электр энергиясы желісі мен бағаналарын жаңарту бағытында атқарылатын жұмыстарды ортаға салды.
– Аудан бойынша электр желісінің жалпы ұзындығы 1062 шақырым. Бұл облыстың солтүстігіндегі Арал ауданына барып-қайтқан қашықтық­пен тең. Осы аралықта 19462 дана бағана болса, мамандардың сөзінше, 14635-інің ауыстыру керек немесе жөндеуді талап етеді. Сондай-ақ, 132 дана трансформатор апаттық жағдайда. Яғни 75 пайызы тоғызы жеткен. Әрине, мұның бәрін ауыстыру өте ауқымды жұмысты талап етеді. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің тапсырмасына сай Нұр-Сұлтан қаласына екі рет барып қайттық. Облыс әкімі мен орынбасарларына жобаның маңызы түсіндірілді. Биыл осы бағыттағы алғашқы қадам – Жаңақорған кентіндегі ең осал тұстарын жөндеу жоспарда бар. Аудан орталығындағы Жеңіс, Мұсаханов, Аралбаев, Сейтпенбетов, Иманов, Көкенов кешесі қамтылып, 52,7 шақырым әуе желісі мен 22 дана 10/04 қосалқы станция мен 1 дана 10кВ тарату пункті орнатылады. Бұған 535 млн. теңге қаржыны облыстық бюджеттен сұрап отырмыз, – деді Ерділла Нұртазаұлы.
Мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков электр желілері мен бағаналарды жаңарту кезінде бірқатар мәселеге назар аудару маңызды екенін сөз етті.
Біріншісі, электр желілері мен байланыс телефон желілерінің бағанасы ретсіз орнатылған учаскелер бар. Көшенің көп бағанасы үйіргелік учаскіге кіріп кеткен. Соларды көшеге шығарып, реттеу керек.
Екіншіден, пилоттық жоба ретінде Төменарық аймағынан және қыр және сыр беткейден бір-бір ауылды таңдап, электр жүйесін жаңалауды қолға алуға болады.
Үшіншісі, электр жарығын үнемдеуді насихаттайтын іс-шараларды жүйелі ұйымдастыру маңызды.
Кезекті сессияның төрағасы Сермұхамед Оразгелдиев:
– Жергілікті атқарушы биліктің де, депутаттық корпустың да міндеті береу, ол – халыққа сапалы қызмет көрсету. Әсіресе, электр жарығына деген сұраныс жыл өткен сайын артып келеді. Мұны реттеу ең өзекті мәселеге айналды. Сондықтан бірлесе тездетіп шешудің жолын табуымыз тиіс. Ал, кәсіпкерлік елдің экономикалық қуатын арттырады. Бұл бағытта үгіт-насихат жұмыстарына мән беруіміз керек, – деп қорытындылады.

Әдемі БАЛТАБАЙ

28 сәуір 2021 ж. 558 0