№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байыпты бастамалар – дамуға бастайды

Байыпты бастамалар – дамуға бастайды


Брифинг – лауазым иелері мемлекеттік бағдарламалардың орындалу деңгейін баяндаса, журналистер істің сапасын саралайтын бірегей платформа. Сондықтан басшылар брифингке тыңғылықты дайындықпен қатысады. Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің өңірлік коммуникациялар қызметінде берген брифингінде сондай жауаптылықты байқадық. Біз әкімнің атқарған істеріне қарағанда, жеті рет өлшеп, бір рет кескен бастамаларына мән бердік. Яғни мақаланы 2021 жылы атқарылатын басымдықтарға бағыттадық.


БІРІНШІ БАСЫМДЫҚ – КӘСІПКЕРЛІК

Жаңақорған – Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық локомативіне айналып, дамуымен ерекшеленуі үшін кәсіпкерлік саласын дамытуы тиіс. Әлемдегі озық елдердің тәжірибесі осыған үндейді. Мәселен, АҚШ, Жапония, Финляндия және Сингапурдегі шағын және орта бизнес саласы өркениет көшінде көш бастауға негіз береді. Себебі шағын бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделіп, мемлекетті бәсекеге қабілеттілігін шыңдайды. Қазақстанның алдында 2025 жылға қарай экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 35 пайызға дейін, 2050 жылы кем дегенде 50 пайызға жеткізуді міндеті тұр. Ал, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөнінен республика бойынша Қызылорда үздік облыстың бірі саналса, Жаңақорған өңірдегі үздік ауданның қатарында.
– Кәсіпкерлік саласында тіркелген 5238 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. (Оның 277 заңды тұлға, 2468 шаруа қожалығы, 2493 жеке кәсіпкер. Экономикалық белсенді халық санына шаққанда тіркелген кәсіпкерлер үлесі 14,7 пайыз. (Мемлекет басшысының Жолдауда берілген тапсырмасы кәсіпкерлердің үлесін республика көлемінде 30 пайызға жеткізу, облыста 16 пайызға орындалды). Ондағы белсенді субъектілер саны 4976 бірлік, яғни тіркелген кәсіпкерлердің 95 пайызын құрады. Өткен жылмен салыстырғанда белсенді кәсіпкерлік субьектілері 504 бірлікке артты (4472). Аталған салада 2020 жылы жұмыспен қамту деңгейі 7741 адамға жетіп, 23,5 млрд. теңгенің өнімді өндірілді. Барлық қаржы институтынан 847 жобаға 1,9 млрд теңге қаржы тартылды, – деді аудан басшысы.
Алайда әлі де жүйелеп, жетілдіре түсетін тұсымыз бар. Кәсіпкерліктің тіркелу, белсенді кәсіпкерлердің үлесі жағынан көрсеткіштеріміз жақсы болғанымен, кәсіпкерлердің табысы, тауар айналымы, ондағы жұмыспен қамтудың үлесі өз деңгейінде емес немесе жариялылық жетіспей тұр. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлерге салық саясаты бойынша дұрыс жұмыстар жүргізілмей келді. Сол бағыттағы жұмыстың дұрыс үйлеспеуінен бөлшек сауда көрсеткішінің жоспары орындалмай, өткен жылы 94,3 пайызды құрады. Бұл дегеніміз, кәсіпкерлік бағытында түсіндірме жұмыстарын жүйелеп, шағын және орта бизнес саласында әрекет ететін азаматтарды Мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелуді ұйымдастырып, олардың салықты уақытылы тапсыруын басымдық ету маңызды. Сонда көлөңкелі экономиканың көлемі азайып, салықтың мөлшері артады.
Биыл аудан кәсіпкерлері түрлі қаржы ұйымдары арқылы 970 млн. теңгенің 302 жобасын қорғайды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен «Аграрлық Несие Корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалы арқылы құны 810 млн теңгені құрайтын 273 жоба, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес «Өңірлік Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы арқылы 139 млн теңге болатын 16 жоба несие алуға ұсынылды. «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 3 жобаға 19,7 млн теңге несие берілді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
30 наурыз 2021 ж. 467 0