Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – КӨРКЕЮДІ ҚОЛДАУ

БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – КӨРКЕЮДІ ҚОЛДАУ


Озық елдердің тәжірибесінде бизнес саласында ерекше қолдау тетіктері қаралған. Біздің елде де шағын және орта кәсіпкерлік саласын қолдау шаралары жеткілікті. Осындай басымдықты одан ары жетілдіру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрініс тауып, бизнес өкілдерін жағымды жаңалығымен қуантты.

Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», – деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтерді.
Жолдаудағы бизнес өкілдері үшін келесі үлкен қолдау – Президенттің микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсыруы. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындары ашылып, өз елімізде өндірілетін өнімдер сапының артары сөзсіз.
Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд. теңге, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын.
Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін көрсетті. Жолдау кәсіпкерлер үшін осынысымен құнды.

Мақсат ӘЛИЕВ,
кәсіпкер

03 қыркүйек 2019 ж. 868 0