Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәріз жүйесі іске асты

Кәріз жүйесі іске асты


Тау беткейдегі су қоймаларындағы су аз болғандықтан Жайылма ауылдық округінде жер асты суларын пайдалану жобасы ұсынылғаны туралы жазған едік. Яғни, керіз жүйесін іске асырып, диқандар егін жайынан мол өнім алуға жұмыс істеуде. Көп күттірмей бұл жоба қолдау тауып, шаруалар іске кірісті.


Бұл жөнінде аудандық ауылша­руа­шылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевтен қайта ақпар алдық.
– Жобалар қорғалды. Әр жобаға инфрақұрылымдарды орна­лас­ты­ру шығындарын қоса ал­ғанда 5 млн-ға жуық қаржыға шаруа қо­жа­лықтарының өз есептерінен инвес­тиция тартылды. Бұл жоба­лар арқылы 300 гектар жер суландырылмақшы. Жиделі және Асхат шаура қожалықтары ұйымдас­тыру белсенділіктерін таны­туда, – деді бөлім басшысы.
Иә, биыл жауын-шашын мен қар­­дың аз түсуі Сыр беткейдегі диқан­дарға ғана емес, тау беткейдегі егінші қауымға да оңай тимейтіні түсінікті. Қоймалардағы аз жиналған судың салдарынан көкөніс, бақша дақылдарының көлемі азайып кету қаупі туындады. Бұл әсіресе тіршілігін егін шаруасымен түзеп келе жатқан елді мекендерге, әсіресе Жайылма ауылының тұрғындарына соққы болғалы тұр. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолын білетін ауыл еңбеккерлері дәстүрлі ізді қайта жалғауға ниетті. Осы дәстүрлі жолды жалғауға демеу болған шаруа қожалықтарын сөзге тарттық.
«Жиделі» шаруа қожалығының төрағасы Бағдат Мұсатаевпен бай­ланыстық.
– Тиісті қаражатты шығарып, керіз жүйесін ретке келтірдік. Енді шаруалар жерін жыртып, дән тастауға жұмыс жасауда. Бұйырса, 20 сәуірден бастап жаппай егін егу басталады. Бивл жылдағыдан мол өнім алуға тырысамыз, аяқ су мәселесі шешілді, ауылдастар дән разы, барлығы ел игілігі үшін. Енді тек тамшы тер төгу керек, жерге еткен еңбек жерде қалмайтынын жайылмалықтар жақсы біледі, – деді шаруа.
Жалпы биыл «Жиделі» мен «Бесарық» су қоймасында және Бірліктегі көл-тоғандарда су мөлшері екі есе төмен. Жылда 9 млн текшеметр су жиналу керек болса, биыл 4-ақ млн-ға жетті. Соның кесірі бақша өнімдеріне тиіп, көрсеткішті төмендетіп жіберетіні анық. Әсіресе қарбыз көлемі тым төмендеп кету қаупі бар.
– Ауыл халқы өз күштерімен электрлік инфрақұрылымын жет­­кі­зіп, 13-15 метр шахталы керіздер (кат­лаван) қазу жобасын ұйымдас­тырдық. Осы бастама арқылы 150 гектар бақша, көкөніс және 150 гектар жоңышқалық алқаптарды суландыруды жүзеге асырамыз де­ген жоспар бар. Келешекте бұл тәжірибелік егістік алаңдар өз нәтижесін беретін болса тау беткейдегі барлық шаруашылықтарға осы әдісті енгізетін боламыз. Тәжірибелік алаңды суландырудың ықшамдалған жобалық құны шамамен 4 млн теңгені құрайды. Осы жобаға Ақүйік ауылдық округінің де бақша егуге машықтанған шаруа қожалықтары қосылуға ниетті, – деді бөлім басшысы.
Иә, тау беткейдегі ауылдардың ішінде қос ауылда ғана егістік дамыған, әсіресе жайылмалықтардың шаруасы ширақ. Бақша дақылдарынан бөлек маз азығына басымдық беруге қамданған шаруалардың төрағалары мен ұжымы бұл бастаманы қолдап, уақыт оздырмай іске кіріскенін көрдік.
– Жоспар бойынша егер су қоймаларындағы су мен керіз суын толық пайдалана алсақ, онда 250 гектарды қамтамасыз ету мүмкіндігі бар. Жер асты суына былтырдан қалған жоңышқалық, тары мен қосымша бақша дақылдарын егуге жұмсалады. Әрине судың көлеміне қарай. Сондықтан осы бағытта жұмыс жасаудамыз. Ауылда 230-дай түтін болса, әр отбасы кем дегенде 1 гектар егін егеді деп межеленуде, – деді ауыл әкімі Әліби Бөкеев.
Көктем айы бел ортасынан асты, дала жұмысын тезірек түйіндеп, дән тастайтын уақыт жетті. Бірақ Сыр беткейдегі ауылдар әлі де күріш көлемін азайтуды қиынсынып отыр. Енді неше жылдан бергі азық болған соң, түсінуге болады. Бірақ жайылмалықтар ескі әдісті қажетке жаратып, білек сыбана жұмысқа жұмылды. Қалғаны уақттың еншісінде.

Әли ТЕМІРБЕК

21 сәуір 2021 ж. 611 0