№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бесарық мектебінің бүгіні

Бесарық мектебінің бүгіні

№54 Жүсіп Қыдыров атындағы білім ошағы аудан көлеміндегі 42 мектептің ішінде білімі мен тәртібі жағынан алдыңғы қатарда тұрған мектептер қатарында. Білім ошағына арнайы соғып қоңырау сыңғырымен қайта қауышқан қарашаңырақтың бір күндік тынысын сезініп қайттық.Білім ордасына кіргеннен сол жақта жағалай орналасқан әдемі гүл­дерге назар аудармауың мүмкін емес. Балалардың киімін ілетін арнайы орын­ның айналасы қаз-қатар гүлмен көмкеріліпті. Сол жердегі қабырғада ұлт жанашыры, хакім Абайдың:
«Пайда ойлама, ар ойла
Талап қыл, артық білуге
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып білуге» деген шумақ өлеңі ілінген үлкен портреті кіріп келген кез-келген жанды бей-жай қалдырмайды екен. Тұла бойыңды шымырлатқан осы бір қатарлар қай жаста болсаң да білімнің қымбаттығын меңзеп тұр. Одан кейінгі қатарда А.Байтұрсыновтың, Ы.Алтынсариннің су­ре­тімен қоса жазылған нақыл сөздері ілініпті. Мектеп іші жап-жарық, мұнтаздай тазалығымен көзге ұрды.
– Мектебімізге қош келдіңіз. Мек­тепте 1-5 сыныптағы 257 оқушы және 9,11 сыныптағы 63 оқушы дәстүрлі оқып жатыр. Яғни мектептің 70 пайыз оқушысы қамтылған, – деп бастады сөзін есік алдында қарсы алған мектеп директоры Мұхтар Мелдебеков.
– Міндетіміз – болашақтың маман­дарын, техниканың тілін жақсы біле­тін, экономика мен менеджмент саласында өз ісінің маманы болатын шәкірт тәрбиелеу. Осы тұрғыда жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әсіресе заманауи техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мамандар даярлауда балалардың бойында әуестікті, бас­та­машылдықты, табандылықты, көш­басшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени байлықты жетілдіруге күш салып жатырмыз, – дейді ол.
– Қашықтан оқып жатқан оқушы­лардың сабақ үлгерімі қалай? – дедім көкейдегі сұрағымды іркіп қалмай.
– Бұл сыныптарға, яғни 6,7,8,10 сыныптар үшін 5 оқушыдан тұратын топтық консультация сабақтар ұйым­дастырылған. Мұны директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Әлима Абдуллаева қолға алып, тыңғылықты жүргізуде. Арнайы кесте жасалып, оқушылар кезекпен қамтылып отыр екен.
– Онлайн оқытудың кемшілігі, оқу­шы өзін өзі басқарып, уақытын меңгере алмай қалуы мүмкін. Яғни, оқу­шыға қадағалаушы бәрібір керек. Қадағалаушы болмаған жағдайда да онлайнның өзі оқуды үйрене алатын адамды қажет етеді. Сосын онлайн үрдісі бастауыш мектеп оқушыларына үйлеспейді. Ал артықшылығы ретінде білім алушы үшін қолжетімділігін әрі қай жағынан алып қарағанда да қолайлылығын айтуға болады. Бір мұғалім бір уақытта жүздеген адамға сабақ беру мүмкіндігі бар. Оқушы ұстазды таңдай алады. Ұстаз бір жасаған еңбегін жылда қайталамай, уақытын тек өзін дамытуға арнай алады. Бір сөзбен айтсам, онлайн оқу - бастауыш мектептен басқа, жоғары сыныптардағы өзін басқара алатын барлық адамға үйлеседі. Демек сауаты бар адамға интернет шексіз білім дариясы. Осы жағына басым көңіл бөліп отырмыз, – дейді ол.
Бүгінде мектепте 457 оқушы білім алатын болса, соның 320 оқушысы мектепте оқыса, 206 оқушы таңертеңгі ауысымда екен.
«Мектеп – кеме, білім – теңіз» деген айқара жазылған нақыл көзімізге оттай басылды. Талай асау толқындарды бағындырып, білім биігінен көрініп келе жатқан тау беткейдегі білім шаңырағында болып, «кемедегінің жаны бір» дегенді бір ұжымда бірлесе жұмыс істегенде ғана биіктерді бағындыратынына көзіміз жетіп қайттық.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
17 наурыз 2021 ж. 317 0