№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МЕЙІРЖАННЫҢ МІНДЕТІ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

МЕЙІРЖАННЫҢ МІНДЕТІ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Қоғам тынышын сақтауда, жол ережелерінің бұзылмауына, жалпы аудандағы көлік қозғалысының ахуалын реттеуде құқық қорғау саласы қызметкерлерінің еңбегі ерен. Полицейлердің күні-түні табанынан тік тұрып, тұрғындар тынышын қамтамасыз етуі үлкен жауапкершілік жүктейді. Осындай салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан Мейіржан Айтбекұлын қалай дәріптесек те, жарасады. Халықтың ұлын ел бағалап, мерейін тасытып жатса, адал еңбектің жемісі осы болар.
1988 жылы мамырдың 18-і күні М.Нәлібаев ауылында туылып, мектеп табалдырығын №196 қазақ орта мектебінде аттайды. 2005 жылы мектепті бітіріп, 2006 жылы  Арқалық  қаласындағы «Мемлекеттік педагогикалық» институтына оқуға түседі.
– 2010 жылы осы институтты «Биология» мамандығы бойынша бітірдім. Әскери міндеттімін. 2010-2011 жылдар аралығындаҚарағанды облысы, Теміртау қаласындағы №55/16 әскери бөлімінде азаматтық борышымды  өтеп шықтым. 2011-2013 жылдар аралығында Қарағанды қаласындағы Қарағанды экономикалық университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алдым. Менің құқық қорғау саласындағы қызметім осылай басталды, – деді ол.
Ішкі істер саласындағы еңбек жолын Қызылорда қаласындағы патрульдік полиция батальонында бастайды. 5 жыл еңбек еткеннен кейін Жаңақорғанға жұмыс бабамыен ауысады.
– 2019 жылы Жаңақорған аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция тобының аға инспекторы қызметіне орналастым. Жалпы менің қызметтегі міндетім – қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол қозғалыс ережелерінің өрескел құқық бұзушылықтарын анықтау, қылмыс болған жағдай оны дер кезінде ашу болп табылады. Жұбайым Айтолқын Мейрамбекқызы да осы саланың жүгін көтеріп жүр, қазір бала күтімімен үй жағдайында отыр. Оның негізгі қызметі полиция бөлімінің штаб тобының аға инспекторы лауазымында, – деді Мейіржан Жандарбеков.
Жалпы құқық қорғау саласында Мейіржан Айтбекұлы сынды қаншама жастар қызметтің жүгін көтеріп, елдік мүдде жолында еңбек етіп келеді.

17 қараша 2020 ж. 606 0