№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Перзенттік парыз

Перзенттік парыз


Жуырда Елбасы Н.Назарбаев әскери қызметшілер туралы Жарлыққа қол қойды.
Жарлықта Заң баптарына сәйкес Қазақстан азаматтарын 2019 жылдың наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Қаулы етті.


Қаулыда: «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі ер азаматтар ҚР-ның Қарулы Күштеріне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын» делінген. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін» делінген.
Жаңақорған аудандық қорғаныс істер бөлімінің бастығы Рамазан Назаровтың айтуынша, былтыр Қызылорда облысының қорғаныс істер жөніндегі департаменті берген тапсырмасын 100 процентке орындалған. Мәселен, 2018 жылдың күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша меже 94 болса, ауданнан 96 азамат әскер қатарына қосылған. Биылғы көктемгі шақырудағы 95 азамат деп белгіленді. Осыған орай, 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекесін пайдаланып, күні кеше Қазақстанның түрлі салада әскери қызметін абыроймен атқарып келген сарбаздардың басын қосып сырластық.

Дәулет ЖҰМАБЕК:
– Біз бұрын теңіз жаяу әскер бригадасы дегенді тек соғыс туралы фильмдерден көретінбіз. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін «Каспий теңізі жағалауындағы осындай әскери құрылымда боламын» деп ойлаған жоқ едім. Әскерге дейін Түркістандағы ХКТУ әлеуметтік құрылымдар факультетін бітірген соң, Ақтауға аттандым. Біздің мақсатымыз – Батыс өңірінің Каспий жағалауындағы қорғанысына жауап беру. Бәрінен бұрын бізді қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін, темірдей тәртіпті, қасыңдағы жауынгер досыңды жауға тастамауды, тапсырылған бұйрықты дер кезінде әрі сапалы орындауға баулыды.
Қазақстан аумағын қорғауға әскерге шақырылған жастарға айтарым – кез келген азамат кәмелетке жеткен соң, Отан алдындағы әскери борышын абыройымен атқаруға міндетті деп есептеймін. Осынша иен байтақ жерді аманатқа тастап кеткен аталарымыздың ерлігі мен батырлығы дәстүрін жалғастыру – біздің әрқайсымыздың перзенттік борышымыз дегім келеді.
Мен жаңақорғандықтарды 7-мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Иса БЕРКІМБАЙ.
07 мамыр 2019 ж. 1 537 0