№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Берік отбасы – есірткіден алыс

Берік отбасы – есірткіден алыс


«Отан отбасынан басталады»  дегендей отанды сүю отбасынан басталады демекші, біздің   шағын мемлекетіміз-  «Ғалымжановтар»  отбасы.
Тәрбие отбасынан басталады. Бізді отбасымызды тек өзіміздің ғана емес,айналадағы кейбір    жанұялар мен олардың балаларының тәрбиесі алаңдатады. 
Себебі, аз мөлшерде болса да келеңсіз әдетті бойына сіңірген жасөспірімдер мен үлкендерімізді байқап қалудамыз. Олардың арасында уытқұмарлар да бар.     
Бүгінгі  күні нашақорлық - бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз әркенді де өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу-әр азаматтың міндеті.
Айналамызға есірткі көріністерінің пайда болуына  әлеуметтік моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі көп әсер тетуде деп есептейміз. Отбасының, ондағы  әрбір бала денсаулығының   негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін талап етеді.
Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен әр отбасы дайын болуы тиіс. Біздің отбасы –есірткіден алыс жанұя ретіндеосы бағытта мемлекеттің  жастар арасындағы жасап жатқан әр ісіне қолдау көрсетсек дейміз.
 Біз отбасымызбен балалар арасында салауатты өмір салтын ұстауды , спортпен, ән,бимен көп шұғылдануды насихаттау мақсатында айналамызға оң әсер етсек дейміз. Олай жасап жүрміз де, осы мерзімге дейін Мұхамеджановтар отбасы нашақорлықтың алдын алу бойынша бірнеше сайыстарға қатыстық.
Әрине, тек бір отбасының жақсы ісімен барлық келеңсіз жағдай жойылады деп ойламаймыз, дегенмен жақсы ,үлгілі ісімізбен ең нашар дүниелердің алдын алғымыз келеді!
Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін Қызылорда облысының полиция департаменті Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының жасап жатқан істеріне қолдау көрсетсек дейміз.
Және айтпағымыз берік отбасы есірткіден алыс деп бекер айтылмаған. Қашанда отбасы іргесі мықтылықты қажет етеді. Ал, тәрбиесі, діңгегі мықты отбасыға еш жаманшылық жоламайды.
“Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя”. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады.
Отбасы – шағын бір мемлекет. Жанұядағы тәлім-тәрбие үлкен бірмемлекетті қалыптастыратынын  ескерсек, ұрпаққа ұлағатын  көрсететін, жастар мен жасөспірімдер  арасында уытқұмарлық пен нашақорлыққа қарсы насихат жүргізетін  шаңырақтардың көбейгенін қалаймыз.  Шаңырақтың беріктігі қоғамның беріктігі, ал берік отбасы қашанда нашақорлықтан алыс.
«Берік отбасы есірткіден алыс» секілді  тәрбиелік мәні зор сайыстың  болуы мерейімізді үстемдете түспек.
#
ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына
17 ақпан 2021 ж. 715 0