Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы құндылықтары дәріптелді

Отбасы құндылықтары дәріптелді


Жаңақорған аудандық сотының бастамасымен, Жаңақорған аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен кенттегі мектептерде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында апталықтар  өткізілуде.
Бүгін кенттегі №163 орта мектебінің ұйымдастыруымен өткізілген апталық аясында мектептің акт залында «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында оқушылар мен ата-аналардың қатысуымен тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Бұл іс-шараның басты мақсаты мен міндеті- халықтың сүйіспеншілік, сыйластық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, отбасы сүйіспеншілігі, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру, отбасындағы өзара сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Аталған іс-шараға аудандық соттың судьясы И.Ө.Тұңғышбаев пен сот қызметкерлері, аталған мектеп директорының оқу ісі және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналар қатысты.
Аудандық соттың судьясы И.Тұңғышбаев өз кезегінде сөз алып Отбасы-сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан-отбасынан басталады» дегендей отанды сүю-отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы  ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан туған үйдің жылуы-оның көкірегенен көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі.Отбасы-өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. «Өз үйім- өлең төсегім» деген қазақ даналығында айтылғандай өз отбасың, өз үйінің әрқашан жылу тартып, жанға жақын болады.Сол себепті де әр адам өз отбасын сыйлап, құрметтей білуі шарт, соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн екенін атап өтті.
Шарада оқушылар отбасы құндылықтарына қатысты көріністер көрсетіп, әке, ана тақырыптарына ән шырқады.
Шара соңында судья И.Тұңғышбаев оқушыларға, ұстаздарға  ризашылығын білдіріп, «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алатынын жеткізді.
               
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
09 желтоқсан 2019 ж. 1 380 0