№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Отбасы-бақыт мекені"

"Отбасы-бақыт мекені"


"Отбасы-бақыт мекені" деген сөзді жиі айтамыз, естиміз. Алайда осы сөздердің мағынасына терең мән береміз бе? Отбасы құндылықтарын қаншалықты дәріптеп, мемлекеттің негізгі буыны отбасының сақталуына үлес қосып жүрміз? Менің бүгінгі пікірім осы турасында болмақ. Неке-бұл ер азамат пен әйел азаматшаның ерікті, толық келісімімен жасалған тең құқықты одағы.
Адам бойындағы асыл қасиеттері отбасында жарқырай көрініп қалыптасатынын Елбасымыз өз сөзінде айтқан болатын. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталатынын да атап өтті. Алайда қазіргі қоғамда қоғамның ажырамас берік бөлшегі, мемлекетіміздің негізгі тірегі отбасының шайқалып, некенің бұзылуы қалыпты құбылыс ретінде қабылдануы алаңдатады.
Кеше ғана отау көтерген жастар ғана емес, ширек ғасырға жуық отбасылық өмірдің ыстық-суығын бірге көрген жұбайлар да сотқа некені бұзу жайлы талаппен жүгініп жатады. Мысалы, азаматша Г. Арызында жұбайымен 16 жыл бұрын отасқанын, оның отбасының шырқын бұзып,ұрыс-жанжал шығарып, өзіне қол жұмсайтынын негіздеген. Істі қарау барысында жұбайлардың кәмелет жасына толмаған бес баласының бар екендігі анықталды. Егер неке бұзылған жағдайда ең бірінші кезекте олардың жасөспірім балаларына психологиялық тұрғыда соққы болатыны белгілі.
Себебі тәрбие отбасынан басталады,отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Неке және Отбасы туралы Кодексінің талаптарына сәйкес ерлі-зайыптылардың бірінің некені бұзуға келісімі болмаған кезде сот оларды татуластыруға шаралар қолданып, татуласу үшін алты ай шегінде мерзім тағайындай отырып, істің қаралуын кейінге қалдыруға құқылы. Бұл жағдайда да сотпен тараптарға отбасын сақтап қалу үшін дауды бейбіт жолмен реттеу, татуласу келісімін жасау,медиация тәртібімен татуласу құқықтары түсіндірілді. Жауапкер Е. Отбасын сақтап қалуға ниет білдіріп, оның арызы негізінде ерлі-зайыптыларға сотпен екі ай татуласу үшін мерзім белгіленді.
Нәтижесінде татуласу үшін белгіленген мерзімде тараптар медиация тәртібімен татуласып, отбасын сақтап қалды. Тиісінше олардың кәмелетке толмаған бес баласы толыққанды отбасында, ата-ана мейіріміне бөленіп, тәрбие алуға мүмкіндік алды. Дәл осындай мүмкіндікті келесі отбасы, яғни талап қоюшы Р. Мен жұбайы А. Алып, оларда сотпен белгіленген мерзімде медиация тәртібімен татуласып, адам өміріндегі ең қымбат қазына отбасы екеніне көз жеткізді. Олардың да екі баласы отбасында ата-анасының қамқорлығына бөленіп, бақытты өмір сүретініне сенім білдіреміз.
Сонымен бір күнде екі отбасы сақталып, жеті бала бақыт мекенінде, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігінде ата-анасымен табиғат сыйлаған кереметтерді сезініп, өмір сүруіне мүмкіндік алды. Адам бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын,адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы-алғашқы қадам.Отанымыздың алтын діңгегі отбасын сақтау, отбасылық құндылықтарды басты назарда ұстау әрбір ата-ананың қасиетті парызы.

Алия ТУБЕКБАЕВА,
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы
29 мамыр 2020 ж. 3 639 0