Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы – бақыт мекені

Отбасы – бақыт мекені

Еліміздің ата Заңы Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті екені және кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті екені нақты белгіленген.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Кодексінің талабы бойынша неке (ерлі-зайыптылық)–ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ.
Отбасы дегеніміз некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Отбасы-Отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген болатын.
Отбасы-табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы-алғашқы қадам. Отбасы-өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны. Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз.
Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адамға өмірде ең қымбаты – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады.
Аудандық АХАЖ бөлімінен арнайы алынған мәліметтерге сәйкес Жаңақорған ауданында 2017 жылы 519 неке тіркелсе, 2018 жылы-489, 2019 жылы 501 неке тіркелген екен. Алайда 2017 жылы-88, 2018 жылы-104, 2019 жылы -106 неке бұзылған. Пайыздық өлшеммен алатын болсақ, 2017 жылы некелердің 17 пайызы, 2018 жылы -21 пайызы, 2019 жылы 21 пайызының бұзылуы тіркелген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасының шеңберінде Қызылорда облысы соттарына «Отбасылық сот» пилоттық жобасы енгізілді.
Отбасы - қоғамның ажырамас берік бөлшегі, мемлекетіміздің негізгі тірегі.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасының мақсаты – отбасы құқығын қорғау, отбасы құндылықтарын сақтау, отбасылық дауларды мейлінше татуластыру рәсімдерін қолдана отырып бітімгершілікпен шешу, балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне ықпал жасау. Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ата-анасымен келісімде өмір сүруіне, олардың тұлға ретінде қалыптасуына жәрдемдесу.
Жаңақорған аудандық сотының өндірісінде 2017 жылы некені бұзу санатында 117 азаматтық іс қаралса, оның 82 немесе 70 пайызы бойынша неке бұзылған, 19 іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты іс өндірістен тоқтатылып, неке сақталған (16,2 пайыз), 14 талап арыздан талап қоюшылар бас тартқан.
Ал 2018 жылы осы санатта қаралған 115 азаматтық істің 80 немесе 69,5 пайызы бойынша неке бұзылса, 4 талап арыз қанағаттандырусыз қалдырылған, 13 іс бойынша ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласып, неке сақталған (11,3 пайыз), 11 талап арыздан талап қоюшылар бас тартқан.
2019 жылы осы санатта қаралған 133 азаматтық істің 93 немесе 69,9 пайызы бойынша неке бұзылса, 23 іс бойынша ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласып, неке сақталған (17,2 пайыз), 1 с бойынша тараптар татуласу келісімін жсаған, 10 талап арыздан талап қоюшылар бас тартқаны анықталды.
«Отбасылық сот» пилоттық жобасы еліміздегі некелердің сақталуына, отбасы құндылықтарының басты назарда болуына ықпал етіп, өзінің тиімділігін көрсетеді деген сенімдеміз.
«Отбасы – ошақ қасы» деген қазағымыз, отбасы – киелі шаңырақ, әр отбасы өз шаңырағының түтіні түзу ұшқанын қалайды. Шаңырағымыздағы ошағымыздың оты өшпеу үшін отбасы мүшелерінің бір-біріне деген жылы сөзі, ыстық махаббаты, жарасымдылығы мен сыйласымдылығы берік болу керек, ал бұл қасиеттердің барлығы біздің жұдырықтай жылы жүрегімізде орналасқан,
Бала тәрбиесі – бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы алты айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң алты айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға алты ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата – ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.
Ал бала да өзін ойландыратын мәселені ата – анамен ақылдасып шешу керек, артық қылықтың ата – анаға әсер ететінін, ата – ананың баласына жамандық тілемейтінін ұмытпау керек.
Мемлекет басшысы мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өткім келеді. Отбасы күні мерекесі Мемлекет басшысының Жарлығымен қыркүйек айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi.
Қазіргі уақытта соттарға түсетін некені бұзу жайлы талап қою арыздарының саны артып, шағын мемлекет саналатын отбасылардың бұзылуына да Жоғарғы Сот алаңдаушылық танытуда.
Осы орайда Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Қ.Асанов облыстық және оған теңестірілген соттарға әкімдіктер жанынан (келісім бойынша) отбасы дауларын алдын ала реттейтін отбасылық кеңес органдарын құрып, оған қорғаншы және қамқоршы органдарын, медиаторларды, психологтарды, адвокаттарды қатыстырып, олардың жұмысын үйлестіруге жастар ісі жөніндегі басқармаларды (бөлімдерді) тартуды жүктеген.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасымен берілген тапсырманы орындау мақсатында Жаңақорған ауданы әкімдігі жанынан отбасы дауларын алдын ала реттейтін отбасылық кеңес құрылды.
Өз кезегінде отбасылық кеңес қоғамдағы отбасы қатынастарынан туындайтын даулардың алдын алып, отбасы құндылықтарының сақталуына септігін тигізеді деген сенімдеміз.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі – баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.
Отбасы-адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.

Әлия Түбекбаева,
Жаңақорған аудандық сотының төрағасы

28 ақпан 2020 ж. 1 409 0