№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әдебі жақсыдан әдемі отбасы шығады

Әдебі жақсыдан әдемі отбасы шығады


Рухани құндылықтың қайнар бұлағы – қарашаңырақта деп ұғынсақ еш жаңылыспаймыз. Кеш жүргізушісі «Арман» кенттік мәдениет үйінде өткен дөңгелек үстелде осы тақырып талқыланды. Кеш жүргізушісі Рыскүл Ұлықпанова дәстүрлі отбасының қандай болатыны жайлы кеңінен ой қозғады.


– Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әр азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп, қанатын қатайтып, ортаға қосатын қасиетті ұя. Дананың да, ғалымның да ең алғаш тәлім-тәрбие алып, өмірге көзқарасы қалыптасатын орын да осы. Қазақ қоғамында отбасы берекесі оның толыққандығында. Ата мен атаның тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасарына да сенім мол,– дей келе «Күміс алқалы» ана, Толқын Назарова әжемізге сөз берді.
Тағылымды өмір жолдарынан сыр шерткен ана: – Келін болып түскенімде тым жас едім. Жолдасымның анасы, яғни енем марқұм бар білгенін үйретті. Білгенімнен білмегенім көп еді. Үлкендердің алдынан кесе-көлденең өтпейтінбіз. Қайтсек көңілінен шығамыз деп бәйек болатынбыз. Әйел тек ұрпақ әкелуші ғана емес, сол ұрпағына дұрыс тәлім-тәрбиені сіңіріп, адал жолмен абыройлы болып жүруді үйретуі тиіс. Ал абырой адал жүріп анық басқанда, арың мен жаның таза болғанда ғана биіктей түседі, – десе, аудан әкімінің әйелдер ісі, отбасы жөніндегі кеңесшісі Роза Исаева жанұя жарастығында ері мен әйелдің, сондай-ақ үлкендердің де ықпалының зор екендігін жеткізді. Ата-әже алдында олардың өнегелі әңгімесін тыңдап өскен баланың сана-сезімі басқалардан ерекше болып қалыптасарын, сондықтан әже тәрбиесі таптырмас тәрбие мектебі екеніне, бөбегін бесік жырымен әлдилеп, ес білгенше ертегі-жырларымен сусындататын әже тәрбиесінің орны қашан да бөлектігіне тоқталды. Көп қазақтың отбасында әже тәрбиесі деген ұғым әлі де сақталып келеді. Мұны өшіріп алмауымыз қажет, – деді ол сөзін сабақтай. Кенттік әйелдер кеңесінің төрайымы Сырғагүл Болғанбаева басынан өткен оқиғаларды айта келе тәлімі мол тәрбиені сіңірген бала болашағының жарқын болатынын жеткізді.
Ата –ана бұлақ, бала жағасындағы құрақ. Әке мейірімімен құрышын қаңдырып,ана сүтінен нәр алған, ата-әже ақ тілеуінен жаралған ұрпақ елін,жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады. Ал олардың жан-жақты тәрбиелі болуы отбасына тікелей байланысты, – деп өз пікірін білдірді аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, аудан әкімі жанындағы әйелдер істері отбасы гендерлік демографиялық саясат жөніндегі маман Жайна Жиенбаеваның лебізі көптің ойынан шықты. Арман кенттік мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Мәдениет Тотаев сөз алып, баланың дұрыс болып өсуіне отбасынан бөлек ортаның да маңызы барын жеткізді. Жиында №56 мектептің география пәнінің мұғалімі Ерғазы Ерсайынов, «Меруерт» балабақшасының музыка жетекшісі Гүлжан Шерубаевалар пікірін білдіріп, тұщымды ойларын ортаға салды.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
13 қыркүйек 2020 ж. 905 0