№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шағын ауылдардың да шаруасы шалқиды

Шағын ауылдардың да шаруасы шалқиды


Уақыттың ығына көне берсек, бүгін-ертең мұрша беретін емес. Сондықтан ауылдық округтермен қатар шағын елді мекендерге мән беру маңызды. Мұны аудан әкімі Руслан Рүстемов шағын елді мекендерге барғанда танытты.


ТАУ БЕТКЕЙДІҢ ТЫНЫСЫҚазақ «Құдайға құр сөзбен құлмын деме» деген ғой, Руслан Рүстемұлын қанша білемін, ол істің адамы ретінде елдің қамын көп ойлайтын, қайтсем халықты қуанта аламын дейтіннің бірегейі. Сондықтан Құдайға құр сөзбен құл емес. Және бұрын да, бұл жолы да осы бағалы бағытынан айныған жоқ.
Иә, бүгін тағы жолға шықтық. Тау баурайының тұрғындарына әкім өзі келеді. Көзбен көріп, қолмен ұстағанға не жетсін, ең бастысы, аудан басшысының өз аузынан естіген дерек анағұрлым ақиқат дүние ғой. Негізгі нысанаға да осы жәйт орайлас екенін екінің бірі біледі.
Жаманбай батыр ауылдық округі құрамындағы «Кеңес» ауылы Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде, Қаратау жотасының тау алды жазығында, Бесарық өзенінің бойында орналасқан. Бүгінде 235 үй бар. Ауыл 1977-96 жылдары бау-бақша өсірумен айналысатын «Юбилейный» кеңшарының орталығы болған.
Елді мекен тұрғындары тарапынан ауылдық округ әкімінің есеп беруінде 5 ұсыныс түскен болатын. Осы ұсыныстар назарда тұр.
«Құрбан ата» мешіті алдына бір топ ауыл азаматтары, оның ішінде ел ағалары жиналған екен. Осы жерде аудан әкімі Руслан Рүстемов ауылға жасалған бетбұрыстар туралы кеңінен әңгімелеп берді. Бұл орайда 2020 жылы «Кеңес» ауылындағы шағын спорт алаңына ағымдағы жөндеу үшін 2240,0 мың теңге, осы алаңға тренажерлық құрылым орнатуға 1745,0 мың теңге бөлініп, бүгінде ел біткен істің игілігін көріп отыр. Мұнан бөлек, округ еншісіндегі екі ауылға күн сәулесінен қуат алатын 40 дана көше шамы қойылды.
Биылғы асу да биік. Аудандық бюджеттен «Жаманбай батыр ауылдық округіндегі науалық суару жүйелерін орнату». Жұмыстарының жобалық-сметалық құжатын бастауға 500 мың теңге бөлінсе, жобаны нақтылау барысында әлі де 18292 мың теңге қаржы қаралатын болады. Демек, істің шет жағасы көрініп тұр. Бұл да ауыл адамын қуантуға бағытталған бастама.
Қазір ауылда клуб үйін салу ұсынысы қозғалып жүр. Аудан әкімі бұған да бей-жай қарап отырған жоқ. Клубтың жобалық-сметалық құжаты мен мемлекеттік сараптамадан өткізуге қаржы бөлу жөнінде облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім беріліп қойылды.
Ал, енді ауылішілік жолдарға жөндеу жүргізу мәселесі де назардан тыс қалмады. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары, көше мен көпірлердің Жол картасы бекітілгені белгілі. Сол бойынша, нақтысын айтқанда «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында «Кеңес» ауылындағы Шермағамбет ата, Б.Шалғынбаев, А.Жандарәлиев көшелеріне орташа жөндеу жөмыстарына қаржы бөлуге бюджеттік өтінім берілді. Міне, осы бағыттағы жұмыстардың дені биыл қолға алынады.
– Күні кеше ауылға ауыз су кірді. Көктен тілеген тілек орындалды. Пандемияға байланысты топтық жиын жасауға тыйым салынып келді. Жағдайдың түзелуі шығар, көптен бері өтпей келген жұма намазға да кеше жұрт жиылды. Біртіндеп өңірдің өңі өзгерді, ауыл тіршілігі түзеліп қалды, – деді ел ағасы Құрбан Абылов.
– Әрине, жақсы ойлау арқылы жақсылыққа жетеміз. Елдің бірлігі, ағайынның ынтымағы ұйысқан жерде ырыс қонады. Лайым бір-бірімізді қолдап, ортақ мүддеге ойыссақ шығар шың биік болмайды, – деді аудан басшысы.
– «Жас келсе іске» демекші, өзіңіз елге қызмет етуге келгеннен бастап, ауылға қан жүгірді. Бұған дейін ауданнан шет қалдық па деген күдік ұялаған еді. Аудан басшыларының бетін көрмегелі төрт-бес жылға айналды. Сіз келіп селдір ойымызды сейілттіңіз. Тіпті біз қоямыз деп бекінген сауалдан бірі қалмады, бәрін іске асыруға бағыттап қойған екенсіз.
Енді бір ұсыныс: бұрын ауылда 200 га жүзім, 400 га алма бағы болды. Осыны қайта жаңғыртуға қалай қарайсыз? – деді ауыл ағасы Сапар Әлиев.
– Сауалыңыз орынды. Сәтін салса, 4-5 жылдың көлемінде ауылға газ кіруі керек. Сол үшін Бесарық бекетінен АГТС стансасын салу қажеттігі туындайды. Сол жоба жүзеге асса ауылда бау-бақшадан бөлек, жылыжай өндірісін дамытуға қолайлы жағдай болады, – деді Руслан Рүстемұлы.
Енді бір ұсыныс: бұрын ауылда 200 га жүзім, 400 га алма бағы болды. Осыны қайта жаңғыртуға қалай қарайсыз? – деді ауыл ағасы Сапар Әлиев.
– Сауалыңыз орынды. Сәтін салса, 4-5 жылдың көлемінде ауылға газ кіруі керек. Сол үшін Бесарық бекетінен АГТС стансасын салу қажеттігі туындайды. Сол жоба жүзеге асса ауылда бау-бақшадан бөлек, жылыжай өндірісін дамытуға қолайлы жағдай болады, – деді Руслан Рүстемұлы.
Осы орайда мектептің де жайын білдік. Мектеп директоры Асқар Жүсіпбаев: «№239 орта мектепте 253 оқушы дәстүрлі оқыту бойынша оқып жатыр. Пандемияға байланысты санитарлық сақтық шаралар қатаң қадағалауда» деді. Ал, ауыл әкімі Әлібек Абдуллаев ауылдағы ФАП мекемесі мен Құрбан ата мешітіне су құбырын тартуға мердігер компаниямен уағдаласып жатқанын айтты.
Біздің келесі аялдама Құттықожа ауылы болды. Бұл елді мекен 1992 жылға дейін Ленин ауылы деп аталды. Ауылда Шалқия кенішіне қарасты кәсіпорындар орналасқан.
Түс мезетінде №164 орта мектеп алдында Шалқия ауылдық округінің қоғамдық кеңес мүшелері мен тұрғындар аудан әкімімен кездесті.
Бүгінде бұл ауылда 155 отбасы, 1062 тұрғын бар. Елді мекеннің ең басты мәселесі Шалқия мен Құттықожа арасында 2,7 шақырым жолды жөндеу екен, оның да түйіні табылады. Қазір облыстық салалық басқармаларға өтінім ұсынылып, қаралу үстінде.
Аудан басшысының айтуынша, 2020 жылы Құттықожа ауылында А.Құнанбаев, Әділов атындағы көшелерге тас төсеу жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы Жаңақорған АГТС-тен Шалқия мен Құттықожа елді мекеніне дейін жоғары қысымды газ жеткізуші құбыр салу және ауылішілік көшелерге газ құбырын тартуға жоба-сметалық құжат әзірлеуге 19 млн 439 мың теңге, сараптамаға 1 млн 666 мың теңге қаржы қаралды. Енді оның игілігін көретін күн алыс болмас дейміз.
Сонымен қатар Құттықожа ауыл­ындағы шағын спорт алаңы жанынан тренажерлық құрылғы орнатуға 4988 мың теңге қаралып отыр. Бұл ауылды гүлдендіру мен дамытудың басым бағыттарының бірі ғана. Алда қаншама жоба болады, ол уақыт еншісінде.
Ауыл әкімі Мәулен Сабырханов елді мекен төңірегіндегі тірліктің барысынан хабардар етті. Мысалы, «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС басшылығымен келісім арқылы бірнеше жобаны жүзеге асыруға қол жеткізген. Оның ішінде абаттандыру, көркейтуге ерекше ықылас қойылған. Болжамды салық түсімдерінен артық қаражатты ауылдың аса қажетті жұмыстарына жұмсау қоғамдық кеңес келісімімен атқарылған.
Уақыт бәріне төреші, ал, адам соның талабынан шығуға тырысады. Біздің келесі бағыт Шалқия кентіндегі клубы құрылысына бұрылды. Нысан наурыз айында аяқталу тиіс. Мердігер «Болашақ интернейшнал дэвелопмент» ЖШС құрылысты таяп қалыпты. Учаске басшысы Нұркелді Мәуленқұлов құрылыс барысымен таныстырды. Клуб 150 орынға арналған, заманауи қажеттілікті толық қамтыған. Асхана, буфет, лифт қарастырылыпты. Ең бастысы, «Nur Otan» партиясының “Кедергісіз келешек” жобасы талабын ескерген, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жасау көзделген.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов жауапты азаматтарға құрылысты мерзімінде сапалы аяқтауды тапсырды. Сондықтан құрылыс заттарымен қоса жұмыстарды да тиісті талап деңгейінде жүргізуді жүктеді.
Өз кезегінде учаске басшысы клубқа қажетті кино, музыкалық қондырғылар, басқа да тауарлар алынғанын жеткізді.
Жалпы, тау беткейіндегі тынысты осылай бағамдадық. Жақсы жұмысқа сүйсіндік. Елдің амандығын тілеп, жүзбе-жүз өткен жүздесулерді жақсылыққа жорыдық. Ал, шағын ауылдарды аралау жалғасын табады.

Қаныбек АБДУОВ
13 ақпан 2021 ж. 536 0