№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Есеп беру-2021: жаңа формат, жаңа бетбұрыс

Есеп беру-2021: жаңа формат, жаңа бетбұрыс


Президент Жарлығына сәйкес жылда барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында есеп беретін. Биыл елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты әкімдер есебі ZOOM қосымшасы арқылы және әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы өрбіді. 29 қаңтарда сағат 11.00-де Сыр беткейдегі ауылдық округ әкімдері 2020 жылы атқарған жұмыстарын саралап, 2021 жылы атқаратын бастамаларын ортаға салды.


Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов, облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Бауыржан Шаменов тікелей желіге қосылып, байыпты бастамаларды бағдарлады.
Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы:
– Жазып алған сөздерді айтып уақыт жоғалтпай, атқарылған жұмыстарды слайд арқылы көрсетіп, атқаратын жұмыстарды ауылдар бойынша қысқаша айтып өткенді жөн санадым. Сонымен бірге ауданның төл газетінің №5 (8406) нөмірінде 2020-жылғы әлеуметтік-экономикалық қорытындылары туралы баянда­маның толық нұсқасы берілді. Ауыл әкімдерінің атқарған жұмыстары туралы есебі әлеуметтік желідегі парақшаларында беріліп қана қоймай, өткен аптада карантин талаптарын қатаң сақтай отырып, ауылдың қоғамдастық мүшелері, ақсақалдар мен белсенді азаматтардың қатысуымен кездесу өтіп, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері жинақталды, – деп бастады сөзін.
Руслан Рүстемов қыркүйек айында ауданға әкім болып келді. Арада бірнеше күн өткенде елді мекендерді бағытқа алды. Бірінші аралағанында барлық кент және ауылдық округ тұрғындары 111 ұсыныс-ниеттерін ортаға салып, аудан басшысына шешіп беруді сұрады.
Халыққа қызмет етемін деген азамат қарап отыра ма? Сала мамандарымен ақылдаса отырып мәселелердің маңызына, өзектілігіне қарай шешілу жолын іздеді. Сөйтіп бірнеше жылдан бері халық назарындағы қажеттіліктердің түйінін тарқата бастады.
Араға бір ай салып қазан айында ауылдық округтерді тағы аралап, тұрғындардың талап-тілегінің 16 процентін шешкенін айтып, қуантты. Содан бері 3 ай дөңгеленді. Қазір тұрғындар көтерген 111 мәселенің 60 процентке жуығы шешімін тапты.
Есептік кездесу барысында аудан басшысы Руслан Рүстемов әрбір елді мекендер бойынша атқарған істерін талдап берді.
Әкім аудан бойынша интернет жылдамдығын арттыру, электр жарығы жүйесін жаңарту, мал ұрлығы өзекті екенін айтты.
«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді». Мұны неге айтып отырмыз? Бүгінде көптеген ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары мен учаскелік полицейлер Жаңақорған кентінен елді мекендерге қатынап жұмыс істейді. Ал ұрлық-қарлық күннің екінші бөлігінде орын алады. Бұл дегініміз, әкім, полиция, директор кешкі уақытта жұмыс істейтін елді мекенде тұруы міндетті екенін көрсетеді.
Аудан әкімі Руслан Рүстемов одан әрі әрбір ауылдық округтер бойынша атқарылған бастамаларды талдап, негізгі мәселелердің шешілу жолдары жөнінде жауап берді.
Ескерте кететіні, аудан тұрғындарына әкім 5 ақпанда Zoom платформасы арқылы қорытынды есебін береді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
30 қаңтар 2021 ж. 880 0