Шағын ауылдардың да шаруасы шешіледі
Бұл туралы аудан әкімі тарапынан біраздан бері қозғалып жүр. Уақыттың ығына көне берсек, бүгін-ертең мұрша беретін емес. Бүгін ол белді бекем буды да бағытымызды белгілеп берді. Тәуекел десіп, таңмен таласып келеміз.
Аудандағы ауылдық округтер құрамына енетін бірнеше шағын ауыл бар. Олардың көпшілігі орталықтан шеттеу орналасқан, жұрты малмен отырған, бүгінге дейін елді мекен статусысына жатпайтын ауылдар санатында тұр.
Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің алдын ала хабарлағанындай, барлық ауылдық округті екі реттен аралап, халықпен жүзбе-жүз кездестім, толғандырған түйінді мәселелер бүкпесіз айтылды, бюджет қаражатына сәйкес барынша қолдау көрсетуге қам-қаракет жасалды. Жалпы, 60 проценттен астам мәселе нақты шешімін тапты.
– Бұған тоқмейілсуге болмайды. Әлі де ауданда біткеннен бітпеген шаруа көп. Ай сайын оның саны артып отыр. Біз бірыңғай үлкен ауылдардың жағдайын емес, шалғай ауылдарға да көңіл бөлуіміз керек. Сондықтан уақытты тиімді пайдаланып, шағын ауылдардың да шаруасын шешуге тиістіміз, – деп жолға шықтық.
Көлік ішінде келеміз. Үнсіздік. Ой үстінде отырмын. Пендеміз ғой, осы әкім тыныш ғана жылы кабинетте отыра берсе қайтеді деп қоямын. Өзі де дамылсыз, бізге де тыным бермейді. Осыдан соншалықты мерейі өсіп кете ме? - деймін тағы да.
Бірақ білем, біздікі шолақ ой, қысқа қайырым. Әкімнің ойындағы сан-салалы сұрақтарды басымыз қатып, белуардан кешпеген соң қадірін қайтіп ұғамыз. Соны сездім де үнсіз отыра бердім.
Алдымыздан Аққұм ауылының сұлбасы көрінді. Қыс ауасындағы мұржадан тарқатылған жіптей шұбатылып шыққан қою түтін ақ үрпек бұлттарды қақ жарып барады. Кеше төңіректі тұман тұмшалап тұр еді, бүгін мүлдем басқаша, айнала лезде жаздай жадырап кетті. Күннің нәті күшті ғой, оңтүстікке көктемнің ерте түсетіні осы байқатса керек.
Ат басын Аққұмға бұрдық, кәдімгі темір жол бекеті, Кейден ауылдық округіне қарайтын шағын ауыл. Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 26 шақырым жерде, Сырдарияның сол жағалық аңғарында орналасқан. Іргесі 1902 жылы ауа райын бақылайтын алғашқы метеорологиялық станса ретінде қаланған елді мекен.
Ауыл алқасында 79 отбасы, 537 адам тұрады. Елдің басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысады. Ауылдық округтің тіркеу құжаты бойынша Аққұмда 137 қой, 155 ешкі, 405 ірі қара, 42 жылқы бар. №221 негізгі мектепте 119 оқушы оқиды, жеке бала бақшада 26 бөбек тәрбиеленуде. Тұрғындардың теміржол саласында еңбек ететіні де бар. Бір қарағанда, бос ешкім жоқ сияқты, үй ішілік тіршілік те таудай болып үйіліп жатыр.
– Ауылдың ажары ашылып, көп мәселенің түйіні табылды. Мектеп, мешіт, жол, ауыз су шешіліп жатыр, – деп сөзін бастаған ауылдық округтегі қоғамдық кеңес мүшесі Тілеухан Мүслимов үлкендік жолымен бүгінгі біткен берекеге шүкіршілік пен тобасын танытты.
Сөзі де, өзі де сабырлы кісі екен, ауылдың да азды-көпті мәселесі барын да майдан қыл суырғандай сыпайылап жеткізді.
– Ауыл электр қуатын теміржол жүйесінен алып келді. Осыны ауданның өз жүйесіне қоссақ деймін. Себебі кешке қарай жарықтың мөлшері төмендеп кетеді, –деді Тілеухан аға арасында.
– Сөзіңіздің жаны бар. Дәл осы мәселеге байланысты жұмысшы топ құрылған, ең бастысы, өздеріңізбен бетпе-бет жүздесіп, өз көзіммен көруге келіп тұрмын. Бұған дейінгі екі реттен 26 ауылдық, кенттік округте халықпен кездесу өткенінен хабардарсыз. Сол кездесудің шарапаты шығар, мәселенің басым бөлігі бітіп отыр.
Руслан Рүстемұлының сөзін құптап, Тілеухан аға: – Кейден ауылындағы кездесуге мен де қатыстым. Мұндағы мәселені сонда айтқанмын, – деді.
– Сіздерге сол кездесулерден кейінгі жасалған жұмыстарды жеткізгім келеді. Бұған дейін Аққұм елді мекеніндегі электр бағанасы мен желілерін ауыстыруға байланысты біршама іс атқарылды. Күн сәулесінен қуат алатын 50 дана жарық шам алуға және орнатуға 2033,0 мың теңге қаралды.
Ал, тозған электр бағанасы бойынша КРЭК компаниясы да кезең-кезеңімен ауыстыру жүргізетін болады. Ал, «Самара-Шымкент-Аққұм» автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу үшін жоба-сметалық құжатын әзірлеуге және ведомстволық сараптамадан өткізуге 5066 мың теңге қаралды. Жол жөндеудің шығыны аудандық бюджетке ауыр, сондықтан республикалық бюджет пен түрлі бағдарламаға ұсынудамыз. Бұған үміттеніп отырмыз. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша да бұл мәселе бақылауда тұрғанын айтамын, – деді аудан әкімі.
– Мұндай нәтижелі әрекеттер бізді қуаттандыра түседі. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, – деп қоғамдық кеңес мүшесі ризашылығын білдірді.
Келесі кезекте интернет байланысы басты мәселенің біріне айналды. Елдің сұранысына орай бұл кездесуге «Транстелеком» АҚ өкілі Талғат Сыздықов арнайы шақырылды.
– Қазіргі таңда ауылдағы 74 үйдің 53-і интернет желісіне қосылған. Жылдамдығы ADSL технологиясына, максималдығы 10 мегаба́йтқа сәйкес келеді. Мектепке тегін интернет тартылған, ZOOM платформасы іске қосылған, – деді ол.
Ауылдық округ әкімі Бахтияр Тоқтыбаев болса: – Су жүйесі тартылғанда 13 үй жобаға кірмей қалған. Осыған орай тиісті мердігер мекемеге хат жолданды. Олар су жүйесін қабылдап алар кезде қосатынын уәде етті, – деді.
– Қай мәселеге жауаптылықпен қарау қажет. Бұл жерде елдің жүгін сезінген жөн. Сіздер білсеңіздер, биыл аудан бойынша бюджеттен ең көп қаражат бөлінгені – Кейден ауылдық округі болып тұр. Осының өзі көп жәйтті ретке келтіруге зор ықпал. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары қойылған тозығы жеткен электр бағаналарын ауыстыру үшін 3,4 млрд теңге қаражат керек. Алдымызда осындай зор міндеттер тұр, – деді аудан әкімі.
– Біздің округтегі электр бағаналары не КРЭК-тың, не теміржол бойының балансында жоқ. Енді не істеуім керек?– деді Бахтияр.
– Мұның ешбір қиындығы жоқ. Шалқия кентінде де осындай жағдай орын алған. Электр жүйесін балансқа алудың құжаты жасалу керек, – деді аудандық мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков.
Кездесу соңында өзара келісілгендей, алда атқарылар жұмыстар барысы көзделді. Енді осы арада ауылдық округке қатысты жағымды бір-екі жаңалықты жария еткеннің артықтығы болмас.
Бұрыңғы мектеп ғимараты қазір жеке бала бақшаға айналды. Олар округке жалға алғаны жөнінде тиісті төлемдерін жасайды. Ал, экологиялық таза аймақ қатарында Қауық елді мекені ең жайлы ауыл саналады. Ауылдың экологиялық тазалығы 98 процентке тең. Ал, Аққұм 56 процент жобасында екен.
Келесі аялдама Талап бекеті болды. Бұл теміржол бекеті – Манап ауылдық округі құрамына кіреді. Мұнда 81 отбасы, 509 адам тұрады. Негізінен ауыл адамының негізгі бөлігін теміржолшылар династиясы құрайды. Онан қалды біршама азамат тас өңдеу карьерінде жұмыс істейді. Сондай-ақ № 254 негізгі мектеп пен бала бақша тағы бар, сөзді түйіндеп келтірсек, жұмыссыздық мәселесі анау айтқан өзекті емес.
Талап бекетіндегі №254 негізгі мектептің тарихы әріде. 1952 жылы ауыл адамдары асар әдісімен 3 жылдық бастауыш мектебі ашылды. Алғашқы директоры, Ұлы отан соғысының ардагері Әли Тасқынбаев болды. Сонан соң 2002 жылы да асар әдісімен мектеп ғимараты қайта салынды. Тек 2016 жылы типтік заманауи үлгідегі 2 қабатты мектеп салынып, пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда Талап стансасына баратын 5,2 шақырым айналма жолды орташа жөндеу жөнінде ұсыныс берілген. Осыған орай аталған жолдың жоба-сметалық құжатын дайындауға 2188,0 мың теңге қаралып отыр.
Ауылдық округтегі қоғамдық кеңестің үш мүшесі «Талапта» тұрады. Үшеуі де белсенді. Елдің сыйлы адамы. Ауыл имамы Әшірбай Таласбаев та, Сатылған Ниязов та, Ілесбай Жұманов та ортақ жауапкершілікке жүрдім-бардым қарайтынның қатарынан емес. Сол айтқандай, осы кездесуде ауыл имамы Әшірбай Таласбаев бір мәселе көтерді. Ол – 40 жыл үздіксіз ұстаздық еткен, ауыл интелегенциясының ардақтысы Әли Тасқынбаевтың есімін мәңгі қалдыру мақсатында мектепке атын беру еді. Бұған байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемов: – Ономастикалық заңдылықтарға сәйкес талаптар орындалу керек. Ол үшін есімі белгілі тұлғалар тізіміне енуі тиіс, – деді.
Округтің әкімі Ербол Әлменов өз кезегінде №254 негізгі мектепті орта мектепке айналдыру мәселесін көтерді. – Қазір мектепте 115 бала оқиды. Былтыр тоғызыншы сыныпты 4 бала бітірсе, биыл 10 оқушыны түлетпек. Жалпы, 70 оқушыдан асқанда мектепті орта мектеп деңгейіне өсіруге болатын секілді. Бізде жыл санап бала саны артып келеді. Осы жағын ескеріп, аталған мәселеге мән берсеңіздер, – деді ол.
Бұған тиісті инстанциялармен ақылдасатынын, мүмкіндік болса қолдайтынын аудан басшысы жеткізді.
Жалпы, Талап елді мекенінде әлеуметтік жағдай жақсарғанын сезіндік. Мұны «Талап бекеті» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Сатылған Ниязов та мәлімдеді. Бүгінде кооперативте «Әулиекөл», «Ақбас» асыл тұқымды 126 бас ірі қара мал өсіріліп жатқанын айтты. Биыл жем-шөп үшін 1 млн теңге субсидия алған. Пада ұйымдастырылған, екі-үш жылдан бері мал ұрлығы тоқтаған екен.
Екі шағын ауылдың тіршілігімен танысып, біршама жағдайға көзіміз жетті. Айтпақшы, шағын ауылдарға 2017 жылдан кейін аудан басшыларының сапары болмаған екен. Мұны Руслан Рүстемұлы бүгін қайта жаңғыртып отыр.
P.S.: Аудан әкімі Руслан Рүстемов Аққұм елді мекені мен Талап бекетіне арнайы бағын алуынан – шағын елді мекендер де назардан тыс қалмайтынын білдік.
Яғни, мейлі 200 адам, мейлі 2000 адам тұратын елді мекендерге бірдей жағдай істелуі тиіс, әрі тұрғындарға ашық болып, атқарылатын істерді ортаға салып отырғанда іс берекеті болады. Әкімнің бұл жолғы сапарынан осыны ұқтық.