Соңғы жаңалықтар

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

№55 (8869) 26

26 шілде 2025 ж.

№54 (8868) 22

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » БЕСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ БАСТАМА

БЕСАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ БАСТАМА


Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасына сәйкес, тарихи тұлғаларды дәріптеп, есімін  жаңғырту тапсырмасына орай, Бесарық ауылы тұрғындарының қатысуымен жиын өтті. Шарада ауыл әкімі Ә. Абдуллаев Бесарық ауылдық округі мен Бесарық ауылының атауын "Жаманбай батыр" деп атаудың маңыздылығына тоқталды. Әрі қаламгер Б. Айнабековтың аудандық "Жаңақорған тынысы" гезетіне "Жаманбай батыр есімін ұлықтау - ұрпақ парызы" атты мақаласын тарқатты. Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы І. Нәрзілдаев батырдың жаугершілік заманындағы ержүректілігі мен өскелең ұрпаққа ұлттық тәрбие беретінін атап өтті.
Бұдан кейін жарыссөзге шыққандар Жаңақорған кентінің тұрғыны, зейнеткер  Ә. Шерімбетов, Бесарық ауылындағы Ноғай ата мешітінің бұрынғы имамы, ауыл ақсақалы Ә. Тұтқабеков, жергілікті қауымдастық төрағасының орынбасары Ж. Әбдіразақов және мүшесі М.Әбілқайыров Жаманбай батыр энциклопедияда жазылған қазақтың  батыры арасында Жаманбай Жаулыбайұлының да есімі жазылғандығын айта келе бастаманы қолдайтынын айтты. Жиынға қатысқан қатысушыдан басқалардың барлығы Бесарық ауылдық округі мен Бесарық ауылының атауын Жаманбай батыр ауылдық округі және Жаманбай батыр ауылы деп қайта атауды толықтай мақұлдап, ұсынысты аудандық ономастикалық жұмысшы топқа ұсынуға жіберді.
30 маусым 2018 ж. 2 256 0