№27 (8841) 15

15 сәуір 2025 ж.

№26 (8840) 12

12 сәуір 2025 ж.

№25 (8839) 8

08 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Бесарық өзені

Бесарық өзені


Жаңақорған ауданының Бесарық ауылдық округі аумағындағы өзен. Қаратау жотасының батысында, Сырдария алабында. Ұзындығы – 85 шақырым. Өзеннің жылдық ағысы – 170 млн. текше метр. Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайынан бастау алады. Тау шатқалдарынан бес арық (өзенше) ағып шығып, шатқалдан шыға берер тұстағы Байғабыл ауылы жанында бірігіп Бесарық деп аталады. Осы елді мекен тұсында 1974 жылы өзімен аттас бөген (су сыйымдылығы – 15 млн. текше метр) салынған. Бөгеннен шыққан өзен Кеңес ауылы тұсында егістіктерге таралып кетеді. Кезінде Бесарық суы Сатымсай сайымен Сырдарияға құятын. Бесарық өзенінің суын Талап және Кеңес шаруашылықтары пайдаланады. Атау сол жерде бес немесе бірнеше арық болуымен байланысты қойылған.
13 тамыз 2018 ж. 3 038 0