№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бесарық өзені несімен ерекше?

Бесарық өзені несімен ерекше?


Қаратау тауы көркем табиғатымен де ерекшеленеді. Таудан бастау алатын Бесарық өзенінің маңына жанға жайлы, санаға серпін беретін көрікті жерлері көп. Өзен бойында тарихи орындарда көптеп кездеседі. Мәселен «Таңбалы» тастарды кезіктіруге болады. «Кітан ұшқан» деген тарихи жатқалда Бесарықтың бойында орналасқан. Жалпы соңғы жылдары өзен бойына келіп, демалушылар саны артып келеді. Егер инфрақұрылым мәселесі шешілсе туристік аймақтың бірі болатыны ақиқат.

Өзен Жаңақорған ауданының Бесарық ауылдық округін кесіп өтіп, суы мол жылдары Сырдария өзеніне дейін ағады. Ұзындығы – 85 шақырым. Өзеннің жылдық ағысы – 170 млн. текше метр. Қаратау жотасының оңтүстік-батыс баурайынан бастау алады. Тау шатқалдарынан бес арық (өзенше) ағып шығып, шатқалдан шыға берер тұстағы Байғабыл ауылы жанында бірігіп Бесарық деп аталады. Осы елді мекен тұсында 1974 жылы өзімен аттас бөген (су сыйымдылығы – 15 млн. текше метр) салынған. Бөгеннен шыққан өзен Кеңес ауылы тұсында егістіктерге таралып кетеді. Кезінде Бесарық суы Сатымсай сайымен Сырдарияға құятын. Бесарық өзенінің суын Талап және Кеңес шаруашылықтары пайдаланады. Атау сол жерде бес немесе бірнеше арық болуымен байланысты қойылған.
29 қыркүйек 2019 ж. 1 577 0