№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Диқаншылыққа қарқынды бетбұрыс

Диқаншылыққа қарқынды бетбұрыс


Жақында әкімдікте өткен алқалы жиында аудан әкімі Ғалым Әміреев модераторлық етіп, Қызылорда облысы бойынша ЮКАЗ тобының өкілі Әбуасан Төлеуов пен ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты, Ыбырай Жақаев атындағы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің көкөніс, картоп және бақша дақылдары өнімі бөлімінің меңгерушісі Қанағат Бегалиевті арнайы шақырып, егін шаруашылығын дамытып, зиянкестермен күресу жолдарын тұрғындарға түсіндірді.
– Ауданда өткен жылы кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қыруар жұмыс атқарылды. Әсіресе, егін шаруашылығына басымдық беріліп, агроиндустриялық аймақ аштық. Нәтижесінде, бірнеше кәсіпкер егін егіп, мол өнім алды. Биыл да осы бастама одан әрі жалғасын тауып, ауылдық округтерде арнайы аймақтар құрылады. Осыған орай, алдағы уақытта егін егуге жан-жақты мүмкіндік жасалады. Біз осыған байланысты бірнеше жерді қарап, құжатын дайындап жатырмыз. Биыл қауын егуге басымдық берілсе деймін. Өйткені, қауыннан мол пайда көруге болады, – деді аудан басшысы.
Одан әрі облыстан арнайы келген мамандар егер өнім бітік шықса, оны өткізу қиын еместігін айтып, ең бастысы өнім өндіру екенін тілге тиек етті.
– Егін – табыстың үлкен көзі. Бастысы, егінді дұрыс егіп, өнім алу жолын игеру керек. Жаңақорғанда қарбыз егу бір қалыпқа түскен. Енді қауын егуді де игерген жөн. Негізі, шаруалар қауын шыбынның зиянынан қауын егуден бас тартқаны рас. Өйткені, соңғы уақытта Қарақалпақстаннан келген қауын шыбыны өнім алуға кедергі келтіріп, оның өсуін бөгеп тастады. Бірақ бүгінде қауын шыбынына қарсы бірнеше дәрі түрі бар. Сол дәрілерді уақытылы беріп отырса, онымен дер кезінде күресуге болады, – деді Қанағат Бегалиев.
Сондай-ақ, Әбуасан Төлеуовтың айтуынша, егін шаруашылығында бірінші кезекте тұқымның тазалығын ескеру керек. Кез-келген дақылды егерде бірыңғай мол өнім алу үшін күтіп-баптау жұмыстарын дұрыс жүргізу керек. Егер қауын егетін болса, оның бірдей өлшемде шығуы үшін ұрығын дұрыс таңдап, минералды тыңайтқышты уақытылы, мөлшерін дәл беру керек. Ал, қауын шыбынын өлтіретін Ресейдің Степногорск қаласынан шығып жатқан «корвет» перепараты кеңінен қолданылып жатыр. Ол қауынның іріп кетуінің алдын алып, қауын шыбынымен күреседі.
Сонымен қатар, аудан әкімі агро аймақтан жер аламын деушілерге қолдау болатынын, жері қоршалып, суы жеткізіліп, тұқымы мен пленкасы әкімдік тарапынан жеткізіліп берілетінін айтты. Бүгінде Қандөз, Қаратөбе ауылындағы жерлер игеруге дайын. Ал, Талап, Бірлік, Төменарық, Екпінді ауылынан да агро аймақтарды тұрғындар игілігіне беру жоспарлануда. Тұрғындардан талап етілетіні – кәсіпкер ретінде тіркелу ғана.
Басқосу соңында тұрғындар мамандарға егінді күтіп-баптау жөніндегі сауалдарын қойып, егін шаруашылығы жөнінде ойларын ортаға салды.

Айсұлу АЛДАНАЗАР.
10 сәуір 2018 ж. 1 086 0