Қосымша білім – құптарлық іс
Өркениетті елдер қосымша білімге ерекше ықылас танытады. Тіпті ересектер де оған көп иек артады. Біздің елде де қосымша білім беріп, жас ұрпақтың заманауи дағдыларды меңгеруіне жағдай жасайтын орталықтар бар. Жаңақорған аудандық балалармен мәдени-тәрбие жұмыстар орталығын соған жатқызуға болады. Онда туристік өлкетану, ұлттық ойындар, ағылшын тілі, робототехника, сурет салу және дизайн, жас тілші сынды үйірмелер жұмыс істейді. Біз осындағы география үйірмесі жайлы жазуды жөн санадық.
Үйірменің жетекшісі Аяулым Рысбекова:
– Орталықтағы үйірмемізге 5 пен 9 сынып оқушыларын қамтимыз. Қабырға картасы, глобус және электронды картамен жұмыс жасаймыз. Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі рухани жағынан дамыған, педагогикалық озық технологияны меңгеруі тиіс. Заманауи жас өскінді бірнәрсемен таңғалдыру, сабақ айтып, дәріс тыңдата білу кез келгеннің қолынан келетін оңай дүние емес. Сондықтан да мен әр сабағымда оқушымен қарым-қатынасты жетілдіруге тырысамын. Жаңаша бағыт бағдар беремін. Балалардың ақыл-ой ынтасын танып, ойлау қабілетін шыңдап, жаңаша білім мазмұнын игерген жеткіншек тәрбиелеу – өзімнің басты парызым деп санаймын. География – өте қызықты, ерекше пән дер едім. География пәнін меңгеру арқылы әртүрлі территориялардың ресурсын зерттеп қана қоймай, сол жердің табиғи байлығын тиімді пайдалану, құрылыс, зауыт, қала, жол салуға қолайлы жерлерді анықтау-
ға байланысты сауаттылығын дамытуға бағыттау ұстаздан кәсіби шеберлікті талап етеді. Осы орайда оқушылармен бірге туған жер табиғатын, ауа-райын, өсімдігі мен жан-жануарларын географиялық жағынан зерттеп, зерделеуге талпынып келемін. Қазір бізде бұрынғыдай қалың қар жау-
майды. Өйткені бізде өндірілетін уран, күкірт қышқылынан тарайтын жылылық қарды ерітіп жібереді, – деді.
Жас мұғалиманың әр сөзін салмақтап айтқанына қарап, дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық екеніне тағы көзіміз жете түскендей. Ол әркез туған жердің топырағын, көне қалалар мен кесенелерін аралатып, келешек ұрпақты тағылымы мол ақпаратпен таныстырып келеді. Оқушыларын жақында Сығанақ қалашығына апарып, көне қаланың топырағы мен өсімдігі туралы тағылымы мол ақпаратпен қанықтырып оралғанын баяндады.
– Тарихи қалашыққа барудағы мақсатымыз – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін нығайтып, мәдени ескерткіштер құндылығын
қастерлеуге үйретіп, ел тарихын сөндірмей, келешек ұрпаққа жеткізуге үлес қоссақ дейміз. Сығанақ қалашағының қазіргі орны 10 гектар жерді алып жатқан үлкен бес бұрышты төбе. Жалпы, бұл саяхаттан балалардың алған әсері өте керемет. Тағлымға толы тарихтан сыр шерткен құнды жәдігерлер туралы балалардың қызығушылығын көргенде кәдімгідей қуанып қалдым, – дейді жас маман.
Осылайша, оқушының сыныптан тыс уақытын талантымен ұштастырып, тиімді өткізуде тәрбие орталығының маңызын білдік. Баланың табиғи дарынын шыңға жетелеп, көкірек көкжиегін кеңейтіп, жыл бойы түрлі үйірмелерде рухани құндылықпен сусындататын білім шаңырағындағы ұстаздар еңбегі орасан екеніне көзіміз жетті. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дегендей, ел ертеңі саналатын ұландардың бойына білім мен өнерді, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіретін ұстаздардың орны қашанда бөлек.

Әсел Кеңесқызы