№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ғимаратымыз тым тар, бөлме жетіспейді

Ғимаратымыз тым тар, бөлме жетіспейді


Қазығы қаланғанына қырық жылға жуықтаған бұл мекеме алғашында «Жас натуралистер клубы» болып ашылған. Кеңестік  кезең саясатының  жас ұрпаққа мектеп бағдарламасына  қосымша білім беру және тәрбие талабы олардың табиғатқа қамқор көзқарасын қалыптастыру, бала бойында өсімдіктер мен жан – жануарларға ерекше ықылас оятып, тамыры бір тіршілікте жаратылыстың біртұтас бірлігіне негіз қалауды мақсат еткені айқын. Орталыққа келіп жазылып, үйірмелерге қатысқан бауырларымыздың қоршаған ортаның қыр – сырына қызығушылығы да артқаны айқын.
   Білім беру мен тәрбиелеудегі жаңашылдық бағыттар орталықтың атын да, затын да өзгертті. Қазірде бұл мекеме аудандық балалармен мәдени – тәрбиелік жұмыстар орталығы болып аталады. Орталықта қазіргі таңда, 40-қа жуық педқызметкер оқу – бағдарламалық және өнерге баулу, эстетикалық тәлім – тәрбие шараларымен айналысып келеді.
Біз орталық директоры Әлімжан Ержановқа арнайы жолығып орталық­тың бүгінгі тыныс-тіршілігі жөнінде әңгімелеп беруін сұраған едік.
– Бүгінгі таңда  орталықта 789 бала тәрбиеленуде. Мақсат – білімгерлерге мектеп бағдарламасына қоса тәлім – тәрбиелік шараларды ұйымдастыру арқылы әр баланың бойындағы қарым – қабілетін анықтап, оны одан әрі шыңдауға жұмыс жасау болып табылады.
Әрбір тұлға – бір әлем. Сондықтан ата-ана да өз баласының ішкі әлеміне тереңірек үңіліп, бейімділігіне қарай қосымша үйірмелерге қатысуына зер салып отырса, келешек өмірде өз жолын дұрыс таңдап, бағдарлай алатын болашақты тәрбиелеп шығатын боламыз.
Бәсекеге қабілетті болу үшін білім қажет. Осыны терең зерделей алған ата-ана да, жеткіншек те мектептен тыс уақытта қосымша білім алудың маңызын түсініп, дайындық сабақтарына ықыластана ден қоюда. Осы бағытта балаларымызға тегін білім беретін орталықтың қамқорлығы ұшан-теңіз. Қазір бізде білікті мамандарымыз жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындық жұмыстарын жүргізіп келеді. Сол сияқты қазақ тілі, әдебиетінен, орыс тілінен, ағылшын тілінен барлық сынып оқушыларына дәріс беруді жолға қойдық. Математикадан аудан орталығындағы №163 орта мектептің білікті ұстазы Білал Ақшолпан талапкерлерге қосымша сабақ өткізіп келеді.
Сол сияқты аудан орталығындағы №51 мектепте, Кейдендегі №208 мектепте филиалдарымыз жұмыс жасайды. Ғимараттың тым тарлығы, сынып бөлмелерінің жетіспеуі салдарынан жоспарлы бағдарламамызды бір орталықтан басқара алмай отырмыз, – деген қынжылысын да жасырмады оқу – тәрбие ордасының басшысы.
Орталықта шахмет үйірмесі, работотехника, домбыра, қолөнер, сурет, бейнелеу үйірмелері қызмет жасайды екен. Орталық диреторының орынбасары Мұратбек Әуелбековтың білім саласында қызмет жасап келе жатқанына ширек ғасыр. Ол өз сөзінде орталық жұмысын табанынан тік тұрғызу үшін мұғалім мен тәрбиеші біліктілігі бір бөлек, материалдық қажеттіліктің жетіспей жатқанын тілге тиек етті. Балаларды қолөнерге баулуда табиғаттың туындыларын қолмен ұстап, көңілмен сезіп, одан түрлі бұйымдар жасап шығарудың технологиясын игеру – аса маңызды. Бірақ осыны іске асыруға келгенде жоқтық қол байлайды. Шебер қолдарға қажет қарапайым ағаш, темір, тас, басқа да құрылыс материалдарының өзі тапшы. Инновациялық білімге негіз қалайтын техникалық аппараттар туралы сөз қозғаудың өзі артық. Осы мәселелерде аудан басшылығының оң көзқарасы ауадай қажеттігі байқалды.
Орталық қызметкерлері қолдағы барды пайдаланып, жас ұрпақ бойындағы өнердіңұшқынын танып, соны ары қарай жетілдіруде жанашырлықпен жұмыс жүргізіп келеді. Солардың қатарында работотехника үйірмесі жетекшісі Дастан Кадировтың сабағына ендік.
– Менің үйірмемде жалпы 60 бала жазылып, дәріс алуда. Оларды әр күнге график бекітіп, сол бойынша оқытып келемін. Шәкірттердің қызығушылығы өте үлкен. Соның арқасында облыста өтетін үлкен жарыстарға барып қатысып, жүлделі оралып жүрміз. Мәселен робототехника бағыты бойынша «Robo – text – 2018» облыстық фестивалінде 6 сынып оқушысы Инаят Қайнар бірінші орынды алып, облыстық білім басқармасының арнайы Дипломымен марапатталды. Биыл мамыр айында өткен осындай байқауда 6 шәкіртім жарысқа қатысушы 300 баланың арасында финалға дейін жетіп, екеуі үздік орынға жетті, –дейді.    
Одан әрі сурет, бейнелеу және қолөнер үйірмесі өтіп жатқан сыныпқа еніп, балалардың қолынан шыққан картина, гобелен, мүсін туындыларымен таныстық. Жас талапкерлер қолынан шыққан көркем шығармалар Қызылорда қаласында өткен көрмеде жоғары бағаға ие болыпты. Көрмеде Тұрсынбаева Мөлдір мен Пернебай Ерболдың оқушылары топ жарып қайтқанын білдік.
ТҮЙІН. Баланың бос уақытын тиімді пайдалануда орталық қызметіне жүгінген ата-ана сенімін ақтауы мұндағылардың басты қызметі екеніне көңілмен сеніп оралдық.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
16 қараша 2019 ж. 585 0